Студенттер мектепте, ал оқушылар институтта

28.03.17

Студенттер мектепте, ал оқушылар институтта

Институтымыздағы Қазақстан тарихы  кафедрасының студенттері Шымкент қаласындағы №20 мектеп гимназиясында педагогикалық іс-тәжірбиеден өтті. Олар тәжірибе барысында балаларға тек сабақ өтумен ғана  шектелген жоқ. "Өрлеу" бағдарламасы бойынша инновациялық әдістемелер бойынша ұйымдастырылған оқуларға да қатысты. Болашақ ұстаздар сондай-ақ мектеп оқушыларын институтымызға алып келіп, білім ордасындағы  археологиялық жәдігерлердің көрмесімен таныстырды.  Экскурсияға келушілерге тарих ғылымының докторы, профессор А. Н. Подушкин көрме жайлы қызықты мәліметтер айтып берді. Өз кезегінде мектеп оқушылары студенттермен бірлесіп, қазба жұмыстарына қатысуға қызығушылық білдірді.  Институт көрмесіне жасалған саяхат  арқылы студенттер жеткіншектердің келешекте өз қалауы бойынша мамандық таңдауына сеп жасады.