Құттықтаулар

21.10.15

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет етіп жүрген ұстаз - ғалым Оразалы Балабеков 70 жылдық мерейтойын салатанатты түрде атап өтті. Туған күн иесін туыстары, әріптестері, замандастары,сондай-ақ облысымыздың зиялы қауымы келіп құттықтады. Осыған орай институтта Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. ҚР Ұлттық ғылыми және ұлттық инженерлік академияларының академигі О.Балабековке облыс әкімінің орынбасары ОҚО басшысы Аскар Мырзахметовтің құттықтауын жеткізді. Оразалы Сәтімбекұлының иығына қазақ халқының дәстүрі бойынша шапандар жабылды. Ұстаздың көптеген шәкірттері өздерінің ыстық ықыластарын білдірді. Ұстаздарының адам бойындағы асыл қасиетін тез байқап, соны ұштауға бар күш –жігерін аянбай жұмсайтынын айтты. О.С.Балабеков 700-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Ғалымның жетекшілігімен 21 докторлық және 58 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ғалымның мақалалары көптеген рейтингісі жоғары шетелдік журналдарында жарық көрген. Ол кісінің басшылығымен әзірленген инновациялық технологиялар мен әдістер жақын шетел мемлекеттерінің кәсіпорындарында кеңінен қолданылып отыр. Оразалы Балабеков соңғы жылдары бірнеше жоғары оку орындарын басқарған. Бүгінгі таңда ол Оңтустік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарып жүр. Мерекелік іс-шараға жиналғандар ғалымға зор денсаулық пен қажымас қайраттылық тіледі.