Олимпиададан олжалы оралды

11.04.17

Олимпиададан олжалы оралды

Институтымыздың студенттері Ермеш Айдын, Ержанова Нигора және Нығмет Мағжан еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында өткізілген республикалық пән олимпиадасынан жүлдемен оралды. Шәкірттеріміз үстіміздегі жылдың 5-8 сәуір күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткізілген білім сайысында командалық есепте үшінші орынды иемденді. Оқу ордамыздың мерейін асқақтатқан үш студентіміз де информатика мамандығын игеріп жатқан білімді жастар. Командаға  Лесбаев Ағабек Өсерұлы жетекшілік жасады. Институт ұжымы жүлдегер студенттеріміздің деніне саулық, білім мен ғылыми ізденіс жолында   мол табыстар тілейміз!