Көп тілді топтардағы іс - шаралар

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Қазан айының 5-ші жұлдызы күні Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен “Көптілді меңгеру – жас маманның бәсекелестік қабілетін арттыру” тақырыбында дебат – дискуссия өтті. Дебаттың мақсаты үштілділік саясатының маңыздылығы және оны қолданысқа ендірудегі мәселесі. Президентіміз соңғы мақаласында үш тілді білу туралы нақтылағанды. Үш тілді білу жаһанға жол ашатын көпір болғандықтан, ол қазіргі таңда басты мәселе ретінде қаралады. Дебатта осы мәселені нақтылау мақсатында топқа бөлініп, осы саясат туралы өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде үштілділіктің маңыздылығы, казіргі таңда ең қажетті құрал екендігі анықталды.

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

Қазан айының 12-ші жұлдызы күні Биология кафедрасының 113-15А тобының ұйымдастыруымен “Біздің уақыт 2” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ үш тілде жүргізілді. “Қазіргі заманғы адам өміріндегі дәстүрлі ұлттық өнімнің маңыздылығы” тақырыбында болды. Ашық сабақтың мақсаты ұлттық өнімнің қазіргі заманда халық арасында алатын орны және оның маңыздылығын дәріптеп жеткізу.Осы мақсатта шетел адамымен сөйлесіп, әртүрлі қойылымдар қойылды.

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫ

“МҰҒАЛІМ” семинары

2017 оқу жылы,қараша айының 15 жұлдызы күні үш тілде білім беру секторының ұйымдастыруымен  “Сәлем” әлеуметтік орталығының әдіскері Драганова Татьяна Александровна “МҰҒАЛІМ” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке 111-86а, 113-86а, 109-86а, 125-87а және 103-24а үштілді топтарда білім алатын университеттің студенттері қатысты. Семинар тақырыбы болашақ мұғалімдерге арналғандықтан, өте қызықты болды. Семинар кезінде әртүрлі әдістер қолданылды және болашақ мұғалімдерге “МҰҒАЛІМ БОЛУДЫҢ 5 СЕБЕБІ?” – деген тақырыпты сұрақ-жауаптар алынды. Студенттер осы тақырыпқа байланысты өз ойларын ашық жеткізіп отырды. Жалпы семинардың мақсаты: үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) жақсы білуге, студенттердің мұғалім болуға құштарлығын ояту, сабақта белсенділік таныту мақсатында ұйымдастырылды.

   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Оқу-әдістемелік бөлімі

Үш тілде білім беру секторы

“ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ”

СЕМИНАР

Қазан айының 16–шы жұлдызы күні оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен “ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ” тақырыбы аясында семинар өтті. Семинарға Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері Алтаев Нурсултан Кайратович және шетелден келген мұғалім Tomass Weyms, ОҚМПИ–нің Физика-матетика, жаратылыстану және педагогика-гуманитарлық факультеттерінің үштілді және ағылшын топтарында пәнді ағылшын тіліне сабақ беретін ОПҚ   шақырылды. Семинарда жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әртүрлі мәселелер қаралып, өз ойларымен бөлісіп отырды. НЗМ-нен келген шетел мұғалімі Tomass Weyms «Trilingual policy» тақырыбында баяндама жасады және үштілділік саясатын қолдап, өз ойымен бөлісті. Физика-математика факультетінің деканы Ибашова Альмира Байдабекқызы институтымызда жаңа бағдарламаның қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі  Алтаев Нурсултан Кайратович «Физика сабағында үштілділікті қолдану» тақырында мастер класс ұйымдастырды. Мастер класс өте қызықты, әртүрлі әдістерді қолдана отырып өтті. ОПҚ-ы өзіне керекті көптеген мағлұматтарды игерді. Семинар соңында институт оқытушылары мен НЗМ-нен келген қонақтар бір-бірімен пікір алысып, жаңадан енгізілген бағдарлама аясында ой бөлісті. Семинар үштілділікті дамытуға байланысты ЖОО мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

      

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

«Гендік инженерия өнімдерінің адам өмірінде алатын орны»

АШЫҚ САБАҚ

113-13а тобының студенттері және оқытушылары

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Бастауыш білім және педагогика факультеті

Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология

ІС-ШАРА

Тілге құрмет – елге құрмет

105-25а және 101-15а тобының студенттерімен оқытушылары

 

Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институты

Үш тілде білім беру секторы

Ағылшын тілін басқа мамандықтарда қолдану

СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ТУРАЛЫ

          Қаңтар айының 13 жұлдызы күні сағат 10:30-да “Үш тілде білім беру секторы” және ОҚО “Салем-Жоба ағылшын тілі орталығымен” ұйымдастырылған көптілді топтарда ағылшын тілінде сабақ беретін ПОҚ-ның ағылшын тілін дамыту мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті “Салем-Жоба ағылшын тілі орталығының” бас әдіскері Драганова Татьяна Александровна жүргізді. Семинардың жалпы мақсаты көптілді топтарда ағылшын тілінен беретін оқытушылардың студентке сабақ беретін пәнін ағылшын тілінде қалай жеткізуге болатындығы айтылды. Семинарда оқытушылар өзіне керекті көп мағлұматтар алды. Семинар –тренинг уақыты 1 сағатқа созылды. Сол уақыттың ішінде оқытушылар өздеріне керекті мәліметтер ала алды. Семинар соңында сұрақтар қойылды, оқытушылар өз ойларын еркін жеткізіп отырды.

 

Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институты

Үш тілде білім беру секторы

Ағылшын тілін басқа мамандықтарда қолдану

СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ТУРАЛЫ

Үштілділікті дамыту мақсатында мамандандырылған пәндер бойынша ағылшынша сабақ беретін оқытушыларға 17.02.2017 жылы ОҚМПИ- ның Үштілде білім беру секторы Назарбаев орталығында Kazakh Teachers Association ассоциациясымен бірге ұйымдастырылған семинар өткізді. Семинарды ассоциация президенті Татьяна Летяйкина жүргізді. Семинар тақырыбы: «CLIL PRINCIPLES AND PRACTICES». Семинардың мақсаты: CLIL әдісін мамандандырылған пәндерде ағылшын тілінде қолдану жолдарын үйретті және лекция мен практикалық сабақты қалай дайындау жолдары айтылды.