Әдеби-эстетикалық басылым оқырманға жол тартты

18.04.17

Әдеби-эстетикалық басылым оқырманға жол тартты

Институтымызда  «Әдебиет – ұлт байлығы, рух туы» атты филологтар онкүндігінің ашылу салтанаты қарсаңында "Сыр сандық" əдеби-эстетикалық журналының  алғашқы саны жарық көріп, тұсауы кесілді. Заман ағымына қарай «Сыр» қабырға газетін енді «Сыр сандық» деген атаумен көлемді заманауи журнал ретінде  оқырманға жол тартатын болады. Осы басылымға негіз болған  «Қазақ әдебиеті»  кафедрасының жанынан шығатын  «Сыр» атты әдеби қабырға газеті бұған дейін де талай таланттың  шығармашылығын ұштаған орта. Мысалы, Мұхтар Шаханов, Әбділда Аймақ, Нармахан Бегалиев, Ханбибі Есенқараева, Исрайл  Сапарбаев, Жарылқасын Боранбаев,  Әкім Ысқақ,  Әмзе Қалмырзаев, т.б ақын-жазушылар өнер кемесіне осы «Сыр»  әдеби қабырға газетінің жағалауынан аттанғандар. Бүгінде қайта түлеп, қайта жаңарған Оңтүстік Қазақсан мемлекеттік педагогикалық институтының филология және тарих  факультетінің жанында сол әдеби дәстүр жалғасын тауып, Саттар Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдеби-эстетикалық бірлестік жұмысын жалғастыруда.

«Сыр сандық» журналының тұсауын институтымыздың  ардагер ұстаздары  Əмір Мұсақұлов, Сағынғали Абубакиров, белгілі ақын, жазушы, К.Симонов атындағы əдеби сыйлықтың иегері Нармахан Бегалы кесіп, жаңа бастамаға ақ баталарын  берді.

Ал, "Сыр сандық" журалының бұдан кейінде жаңалана, жандана, құнды сөздер мен тұшымды ойларға молая түсеріне сенім артып, гүлдене берсе екен деген тілекпен, оқырман қауым мен дарынды жастарымызды көргіміз, таланты студенттерімізді қалың жұртшылыққа танытқымыз келетінін жеткіземіз! Ал, "Сыр сандық" бағың жансын!

С.Ерубаев атындағы

«Сыр сандық» әдеби

бірлестігінің жетекшісі

Айдана Айнабек