МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ

24.04.17

МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ

 Созақ ауданында  «Мамандығым- мақтанышым» атты облыстық форум  өтті. Оған аудандағы  жалпы орта мектептердің бітіруші түлектері қатысты. Басқосу   ауыл жастарының қоғамдық рөлін арттыру, жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық дамуына, азаматтық, әлеуметтік қажеттілігін дербес шешу, мамандықты дұрыс таңдай білу мен жұмыссыздық деңгейін азайтуға ықпал жасау жолдарын талдау, жастармен пікір алмасуды мақсат етті. Форум барысында тұжырымды ойлар айтылып, түлектер сауалдарына ,тұщымды жауап алды. Басқосу соңында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педегогикалық институты және облыстағы өзге де  ЖОО-ы өздері дайындайтын мамандықтар жайлы ақпарат беретін көрме ұйымдастырып,    бітіруші түлектерге мәлімет беретін кітапшалар таратты.