Дүниежүзі тарихынан білім бәсекесі

15.05.17

Бүгін Шымкент қаласының 240 жас білімпазы дүние жүзі тарихынан сынға түсті. Облыстық славян этномәдени орталығы ұйытқы болған.

Олимпиаданың ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен шығындарын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты өз мойнына алған. Елбасы мақаласында екшелген рухани өресі биік өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолында аталған байқаудың маңызы зор,-дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, аталған сайысқа жасы 14-тен асқан оқушылар мен колледж студенттері қатыса алады. Бұл жолы жүйріктер қатарына көрінгісі келгендердің қатары көп. Дегенмен, жан-жақты білгірлікті талап ететін олимпиада да көбісі сүрінді. Себебі, жастарға мектеп бағдарламасынан бөлек, саяси салмағы бар сауалдар қойылды. Рахат Ынтымақ бұл бәсекеге осымен 3-ші рет қатысуда. Өткен жылы 3-ші орынды місе тұтқан. Бұл сайыста басқалардан бәсі биік болу үшін жақсы дайындықпен келген. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы батыр бабамыз Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа алғашқы болып, ту тіккенін Ресейдің көптеген тарихшылары мойындағанын айтады. Осындай тың деректерге толы мәліметтерді ол ізденіс барысында тапқан.

http://shymkenttv.kz/kz/news/education_science/duniezhuzi-tarihynan-bili...