Ағылшын тілі сайысында үздік атанды

15.05.17

Ағылшын тілі сайысында үздік атанды

ОҚМПИ-ның шәкірттері ағылшын тілінен өңірдегі жоғары оқу ордалары арасында өткен олимпиадада бірінші орынды жеңіп алды. Ал команда жетекшісі Ксения Аликулова жекелеген білім сайысында екінші орынды иемденді.     Пән олимпиадасына  М. Әуезов атындағы ОҚМУ, М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ және "Мирас" университетінің студенттері қатысты. Институтымыздың намысын шетел тілдер және дайындық курсы факультетінің студенттері Ксения Аликулова, Дилера Тайталиева және Мафтуна Ташполатовалар қорғады.