Ел газеті "Егемен Қазақстанның" басшысы институт студенттерімен кездесті

15.05.17

Ел газеті "Егемен Қазақстанның" басшысы институт студенттерімен кездесті

Бас басылымның басқарма төрағасы бүгін Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтында болып, жастармен кездесті. Онда басылым бетінде жарық көрген материал жайы сөз болды

Елдің үшінші жаңғыруы жайлы айтылып, болшағы бедерленген мақаланың мәні зор. Мағынасы терең. Елбасы жазған дүниеге қатысты// көптің берген бағасы осы. Бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдарында бұл жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті, «Егемен Қазақстан» газетінің өзіне күн сайын мақалаға қатысты пікір жазылған жүздеген хат келіп түседі екен. 

Дархан Қыдырәлі – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның басқарма төрағасы

Бізге жүздеген хаттар келіп жатыр. Бұлардың барлығы зиялы қауым мен халық өте қуанышпен қабылдағаны белгілі. Себебі, мұнда ұлттық жады, ұлттық код, киелі жерлер,  латын әліпбиіне көшу сияқты мәселелер - бүгінде қордаланған мәселелер.

Жастармен болған кездесуде маңызды мақала жан-жақты талданды. Елдің даму деңгейін саралап, болашағын болжаған туындыға әркім өз биігінен қарады. Басылымның басқарма төрағасы мақаладағы елдік мәселелерді сөз етсе, жастар жағы өздеріне жігер берген жалынды тұстарына тоқталды.

Дархан Қыдырәлі – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ақ-ның басқарма төрағасы

Осы мақалада айтылған кез-келген тақырып біз үшін өте өзекті. Себебі, Отан отбасынан басталады. Киелі жерлердің бәрі біздің жүрегімізден басталады. Біздің Астанадан арнайы келіп отырғанымыз - сол киелі жерлерге тәубе ету.

Елбасы мақаласында айтылған киелі жерлерді дәріптеу мәселесін іс жүзінде жүзеге асыруды көздеген басылым енді өз жұмысын осы өңірдегі барлық қасиетті мекенде жалғастырмақ. Сонымен қатар, ел ішінде болып, түрлі кездесулер ұйымдастырады.