Білім негізі-бастауышта

07.06.17

Білім негізі-бастауышта

ОҚМПИ «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында  форум өткізді. Басқосуға  аудан, қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, оқу ордасының  бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша оқитын студенттер, кафедра  оқытушылары қатысты. Форумда білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың өзекті мәселелері,  оқушылардың  жетістігін бағалауда  критериалды бағалауды қолданудың мүмкіндіктері, жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы, мақсат-міндеттері,  мазмұны, сондай-ақ жаңа  форматтағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі туралы баяндамалар оқылып, талданды. «Сабақты зерттеу» тәсілінің маңыздылығы тақырыбында  шеберлік  сабағы өтілді.

Білім негізі-бастауышта.