Ректордың мақалалары

22.10.15

Омархан ӨКСІКБАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты: –

Елбасымыз елі­міздің болашақтағы жолын нақтылайтын, ай­­қындайтын Жолдауын­­­­ жасады. Мем­ле­­­кет­ бас­шысының әр мә­­селе, әр салаға бай­ла­­ныс­­ты берген тапсыр­ма­ла­ры өте орынды деп есеп­­тей­мін. Әсіресе, эко­­но­мика­лық дамуда ғылымның алатын орны, атқаратын қызметі ерекше, сондықтан да индус­­­трияны ғылыми негізде дамыту күн тәртібіне қойы­лып отыр.

Президент Үкімет пен мемлекеттік орган­дарға шағын және орта бизнесті дамытып, оның ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға дейін жет­кізуге тапсырма берді. Рас, дамыған елдерде осы саланың ІЖӨ-дегі үлес салмағы жоғары. Алдағы кезеңдерде біздің еліміз де осы деңгейге жетіп қалар деген үмітіміз бар. Сон­дай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қаржы институттарына дамыту жолдарын, оның тұжырымдамасын дайындауды да тапсырды. Жалпы, бұл Жолдау еліміздің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын әрі қарай арттыруға жаңаша серпін береді деп есептеймін.

 Омархан ӨКСІКБАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Елбасымыз елі­міздің болашақтағы жолын нақтылайтын, ай­­қындайтын Жолдауын­­­­ жасады. Мем­ле­­­кет­ бас­шысының әр мә­­селе, әр салаға бай­ла­­ныс­­ты берген тапсыр­ма­ла­ры өте орынды деп есеп­­тей­мін. Әсіресе, эко­­но­мика­лық дамуда ғылымның алатын орны, атқаратын қызметі ерекше, сондықтан да индус­­­трияны ғылыми негізде дамыту күн тәртібіне қойы­лып отыр. Президент Үкімет пен мемлекеттік орган­дарға шағын және орта бизнесті дамытып, оның ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға дейін жет­кізуге тапсырма берді. Рас, дамыған елдерде осы саланың ІЖӨ-дегі үлес салмағы жоғары. Алдағы кезеңдерде біздің еліміз де осы деңгейге жетіп қалар деген үмітіміз бар. Сон­дай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қаржы институттарына дамыту жолдарын, оның тұжырымдамасын дайындауды да тапсырды. Жалпы, бұл Жолдау еліміздің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын әрі қарай арттыруға жаңаша серпін береді деп есептеймін.

Әсима БИМЕНДИНА, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Әр жыл сайын халық күтетін Жолдауды тыңдадық. Бұл – ел өмі­­ріндегі ерекше бір белес. Өйткені, ол – барша қазақстандықтардың өмі­ріне, болашағына қатысты мәнді құжат. Ер­теңінің бағытын, жүре­­тін жолын, өсу жолын­дағы мұратын анық білген елдердің қандай жеңістерге жеткенін тарихтан білеміз. Біздің еліміз тәуелсіздігіне енді қол жеткізіп жатқанда алдағы 30 жылын ойласа, енді жүрісін дұрыстап, тынысын жөндеп алғанда Мәңгілік Ел деген мұратты алға қойып отыр. Мәңгілік Ел деген халықтың жағдайы, Мәңгілік Ел деген елдің өрлеуі, Мәңгілік Ел деген шексіз жарқын өмір. Әрине, депутаттыққа білім саласынан кеше ғана келгендіктен, Елбасы аузынан осы ғылым-білімге қатысты айтқан сөздер жаныма жақын. Балабақшадан бастап, мектептер, жоғары оқу орындарының болашағы, студенттер стипендия­сы, ғылымның дамуы, кәсіптік білімді қалай беру керек осылардың барлығын жіліктеп айтып берді. Жолдау барлық қазақстандықтар алдына үлкен міндет қойып отыр. Үлкен жұмыстар басталады. Осы жерде менің бірінші назар аударғым келетіні, ол – бүгінгі Жолдаудың халыққа жетуі. Оның байыбына жетіп түсіну, сезініп, тереңіне бойлап, бар болмыспен қабылдай отырып, алға қойған мақсат үшін жұмылу маңызды. Сондықтан, бірінші кезекте халыққа барлығын айтып түсіндіру міндет. Елбасы 7 бесжылдық туралы айтты. Олардың әрқайсысында атқарылатын жұмыстарды белгілеп берді. Ал оларды сол жоспарланған жолмен орындап шықсақ, Мәңгілік Ел үшін қызмет жасаған боламыз.

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры: – Елбасының би­­ыл­­ғы Жолдауының маңы­зы ерекше. Мә­­селен, эко­но­микамыз­ды дамы­тудың, әл-ауқа­ты­мыз­ды арттырудың, 2050 жылға қарай әлемдегі 30 озық мемлекеттің қатарына қосылудың басты факторы – ғы­лым. Президент міне, осыны, яғни ғы­лым­ды индустрияға жеткізу, ғылымды өндіріске апару мәселесін баса айтты. Бұл салада тек ғалымдардың ғана күші емес, өндірістің, индустрия өкілдерінің күш-қайраты керек. Олар да ғылымға қарай қадам жасауы тиіс. Осы екі ортада тығыз байланыс болу керектігі айтылды. Бұл салада ғылыми орталықтарда, белді университеттерде, оның ішінде Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде де белгілі бір деңгейде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің инновациялық парктеріміз, түрлі ғылыми жобаларымыз ғылымның қатысуын қажет ететін үлкен-үлкен мәселелердің шешімін табуға бағытталып отыр. Міне, осыған өнеркәсіп орындары мен индустрия өкілдері келіп, өздерінің қажетін алып жататын болса, одан екі жақ та ұтады. Себебі, ғылым араласпаған жерде өсу де, ілгерілеушілік те жоқ. Оны Президент жақсылап тұрып, жіліктеп шағып айтып берді. Демек, ғылым араласатын болса, кез келген өндірістің шығаратын өнімінің саны да артады, сапасы да артады. Президент атап өткен тағы бір мәселе – стипендияның өсуі. Яғни, 2016 жылдан бастап, стипендия көтерілуі керек. Ол үрдіс одан әрі жалғасын таба беретін болады. Бұл студент қауымға, Қазақстанның болашағына, интеллектуалды болашағына құйылған инвестиция, үлкен қолдау деп түсіну керек.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Президентіміздің әр Жолдауы халық үшін де, мемлекет үшін де өте маңызды. Өйткені, осы жолдаулар арқылы біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағ­да­йын жақсартуға мүм­кіндік аламыз. Бүгінгі Жолдауда көрсетілген ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерге көмектесу, оларға тиісті қолайлы жағдайлар жасау ауылдардағы, елді мекендердегі кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Елбасымыз, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде өте жақсы бастама көтерді, ұсыныстар айтты. Бұл – әр адам еңбектенуі үшін, кәсіпкерлікпен айналысуы үшін оларға қолайлы жағдай жасау қажет деген сөз. Егер әр адам еңбегіне қарай, кәсібіне қарай еңбекақысын алып отыратын болса, бұл да қоғамның дамуы деп ойлаймын. Ең бастысы, ауылдағы шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие мәселесі шешілген жағдайда, елімізде шағын және орта бизнес қанатын кең жаятын болады. Қазіргі кезде несие беретін делдалдар көбейіп кетті. Елбасы несиені делдалдар арқылы емес, тікелей алу мәселесін шешу қажеттігін айтты. Бұл өте дұрыс. Себебі, делдалдар арқылы алған несиенің жылдық үстемесі бүгінде 17-20 пайызға дейін жетіп отыр. Ол 6-7 пайыздан артпауы тиіс.

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы: – Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қа­зақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы міндеттерді бір-бірінен ажыратып алып қарауға болмайды. Өйткені, алға қойылған межелер бір-бірімен тығыз байла­ныс­ты. Ең бастысы, онда болашақты бағдарлаған нақты мақсаттар көрініс тапқан. Әрине, мұның барлығы жастардың болашағы үшін жасалып отырғаны түсінікті. Бір жағынан қарағанда, барлығы да қолда қазір бола қалуы тиіс сияқты, бірақ екінші жағынан қайда бара жатқаныңды білмей, бір күндікпен өмір сүруге болмайды. Алыс қашықтыққа жету үшін де алдымен күшімізді сынап, қай жерге дейін жететін мүмкіндігіміз барлығын біліп алуымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде, Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетімізді дамыту үшін не істеу қажеттігін айқындап беріп отыр. Тәуел­сіздігімізді сақтап, озып кеткен елдердің артынан шаң қауып қал­мауымыз үшін солардың қателіктерінен тиісті қорытынды шығара отырып, даму жолына түсуіміз қажеттігіне ерекше екпін берілді. Әрбір жас демократиялық дамыған елде өмір сүруге құштар болса, сол ортаны Қазақстанда ор­­­­­натуға әрбір жастың мүмкіндіктері болуы тиіс.

Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, облыстық мәслихат депутаты: – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы «Қа­зақстан-2050» Стра­тегиясынан туындайтын міндеттерді жан-жақты айқындап берген құжат болды. Әсіресе, қоғамды алаңдатып келген қазақ тілінің мәселесіне екпін беруі өте орынды болды деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі кезде мемлекеттік тілге деген сұраныс жыл санап артып келеді. Менің ойымша, мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық аздық етуі де мүмкін. Сондықтан да өздігінен қазақ тілін меңгеріп алғысы келетіндер үшін де әдістемелік құралдарды шығара беруіміз қажет. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деген Елбасы шынында да сөзден іске көшетін кез келгендігін меңзеді. Естеріңізде болса, Президент бұған дейінгі сөздерінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», деп келсе, қазір тілдің болашағы жарқын боларын нық сеніммен айтып отыр.

Ғани ҚАСЫМОВ, «Қазақстан патриоттары партиясының» жетекшісі: – Мені Жолдау­дың әсіресе, ел тұр­ғын­да­рының әлеуметтік ахуа­лы жақсаруына қа­тысты ақпарат қатты толқытты әрі қуантты да. Ең бастысы, әрине, жалақы деңгейінің өсімі. Мемлекет басшысы екі қолға жұмыс таба алмай жүргендерге назар аударуды ұсынды. Әсіресе, мүгедектер, жәрдемақыға өмір сүріп келе жатқан және өзге де жандарға жұмыс беру қажеттігіне тоқталды. Ал олардың саны 600 мыңға жетіп отыр. Бұл өте орынды ұсыныс деп санаймын. Сонда ғана қорғансыз қалған жандарға лайықты жағдай жасай аламыз. Біраз жылдардан бері жалақы деңгейі өспей келеді, тиісінше, инфляция қарқын алып барады. Ендігі жерде жалақыны өсіру инфляцияның орнын жауып қана қоймай, азаматтардың еркін тыныс алуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, ғылым мен инновация саласына мән берілді. Бұл салаға біраздан бері онша жіті көңіл бөле алмай келе жатырмыз. Негізінен, ғылым өндірісімізді өркендетіп, өзіндік құны төмен тауарларды өндіруге оң ықпал беретін болады деп ойлаймын.

Майра АЙСИНА, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Жолдауда айтыл­ған мәселелердің бар­лы­ғы көңілімізден шықты. Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму коми­те­тінің мүшесі болған­дықтан, отырыстарда осы мәселелердің көп­шілігін талқылаған едік. Мысалы, коми­тет­тің отырыстарында мұғалімдер мен дәрігерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдармен, зейнеткерлермен жұмыс істеп жүргендердің жалақысын көтеру мәселесін айтып жүрдік. Сол мәселелер бірден шешіле қояды деп мүлде ойламаған едім. Міне, бұл Елбасымыздың халық мүддесін әрдайым назарында ұстайтындығын көрсетіп отыр. Қазір Парламент «Жастар саясаты туралы» заң жобасын қарап жатыр. Депутаттар ел аймақтарына шығып, халықпен кездесулерінде, сайлаушылар жастарға қолдау-көмек көрсету жайын жиі айтатын. Енді, міне, оған да қол жеткізілуде. 2016 жылдан бастап студенттердің стипендиялары 25 пайызға өсірілетін болды. Жолдауда, сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы қағазбастылықты жою мәселесі де айтылды. Өте дұрыс мәселе. Өйткені, мемлекеттік органдардың нендей жұмыс істеп жатқандары былайғы жұртқа жетпейді. Көпшілік одан сырт қалады.

Болатбек ӘБДІРӘСІЛОВ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры: – Елбасының Қа­зақстан халқына арнаған Жолдауын біраздан бері күтіп жүрдік. Еліміз өзінің дамуы жолында жаңа деңгейге көте­рілді. Әрине, біз оны «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының қабыл­дануынан көре аламыз. Жолдауда Стратегияның қалай жүзеге асыры­ларының бағыттары мен тетіктеріне байланысты бірқатар мәселелер көтерілді. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы да Жолдауда көрініс тапқан міндеттерді жүзеге асыруға өздерінің интеллектуалдық әлеуетін бағыттайтын болады.

Дана ӘБУТӘЛІПОВА, «Нұр Отан» партиясы Стратегия және мониторинг департаментінің директоры: – Елбасының Қа­зақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ел тұрғындарының әлеу­меттік-тұрмыстық жағ­дайын айтарлықтай арт­тыруға арналған маңызды құжат болып табылады. Мем­ле­кеттік органдар мен «Нұр Отан» партия­сы Елбасының алға қойған міндеттері мен идеяларын ілгері жылжытуда бірлесе жұмыс атқарып келеді. Президенттің сөзінен естігендеріңіздей, қазіргі кезде ел тұрғындарының 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскендігін атап өткен. Бұл мәселеде ел тұрғындарының көптеген түйткілді мәселелерін шешуде белсенді әрекет етіп келе жатқан біздің партиямыздың да үлесі зор. Қабылдау бөлмелері арқылы немесе кездесулерде қарапайым тұрғындардың мұң-мұқтажын жан-жақты қарап, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеумен қатар, олардың нақты шешімінің болуын да жіті қадағалап келеміз. Осы тұрғыдан келгенде «Қазақстан-2050» Стратегиясы бұл елдігіміздің онжылдықтарға бағытын айқындап берген маңызды құжат болуымен қатар, жақын жылдарға не істеу керек деген міндеттерді мойнымызға жүктеп отыр. Біз бұл үдеден шығарымызға сенімдіміз.

Тимур БАЙМҰХАНОВ, Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары: – Үкіметке ағымдағы жылдың соңында 2030 жылға дейінгі кезеңде Астана мен Алматы қалаларының агломерациясын қалыптастыру стратегиясын әзірлеуді тапсырған Мемлекет басшысы оның маңызды екеніне ерекше тоқталды. Егер Астананың өзін алар болсақ, қазіргі таңда агенттік мемлекеттік органдармен бірлесе отырып елордадағы тұрғын үй бағаларын барынша оңтайландыру жөнінде кешенді жоспар әзірлеп жатқандығынан хабардар еткім келеді. Бұл жерде тұрғын үй бағасының өсіміне әсер ететін бірқатар түйткілді мәселелер баршылық. Атап айтқанда, сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік, жаңа тұрғын үйлердің қолданысқа берілуін кешеуілдету, құрылысты жүргізуші компания кірісі деңгейінің реттелмеуі, құрылысшыларға бағаны барынша жоғарылатуға мүмкіндік беру және жер телімдері мен құрылысты жүргізуге шешім алудың ашық болмауы, рынокқа жаңа құрылыс компанияларының кіруіне кедергі қойылуы, т.б. Бұдан басқа жер телімдерін игермеу, банк несиелерінің тартымсыздығы, екінші рет қолданыста болған үйлерге қатысты алыпсатарлық әрекеттер сияқты көптеген келеңсіздіктер кездеседі. Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2001 жылдан бастап 2013 жылдың желтоқсаны аралығында жаңа тұрғын үйге деген баға 600 пайызға өскен. Осының барлығын ескере келгенде, агенттікке артылған міндеттердің қаншалықты оңай еместігін сезінуге болады. Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.