СЕРПІН

22.10.15

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Кең байтақ Отанымыздың тәуелсіздігі – сөзбен айтып жет­­кі­зе алмас қасиетті ұғым, ұлт­тық санамыздың, адами жараты­лысымыздың, өміріміздің қайнар бұлағы. Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Мәңгілік Елдің бастауы. Осы бір ауыз сөзге адамзат үшін ең қымбат түсініктер топтастырылған. Азат­тық, теңдік, бостандық, береке, бірлік, бақыт, тәубешілдік пен ризашылық сынды әдемі де аяулы сезімдер осы сөз арқылы адам жүрегіне ұялайды. Көңіліңді көр­кейтіп, жаныңды жадыратады. Масаттандырады, бойыңды биіктетіп, еңсеңді тіктейді. Тала­бың асқақтап, мақсатың нақты­лана түседі. Елдің ертеңін ерен еңбекпен көркейтуге деген ерекше құлшыныс пайда болады. Іс­керлікпен, ізденімпаздықпен жұ­мыс жасайсың. Бойыңды Отанға деген орасан сүйіспеншілік сезімі билейді.

1991 жылғы 16 желтоқсан Қа­зақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің еге­мендігі туралы» Заң қабыл­даған тарихи күн. «…Уақыт – зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл – жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге ке­луінің азапқа толы, сонымен бір мезгілде, ғаламат сәті. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін», деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы жылдар аралығында Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасты: шекарасы бекіді, экономикасы өсіп, әскері жасақталды, нарықтың қиын өткелдері мен дәуір сынақтарынан аман өтті, жаһандағы алпауыт мемлекеттерге танылды, танылып қана қоймай, санаса­тын, сыйласатын биік дәрежеге жетті. Осының барлығы Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекет басшысының «Қа­зақ­станның тәуелсіздігі тағдыр­дың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», деген сөзіне баршамыз мән беріп, маңызын терең түсінуге тиіспіз. Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып табылады. Жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы, ал халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орынды иеленетін Қазақстан – әлемдегі үлкен елдің бірі. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арнаған жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, страте­гиялық бағыттардың барлығы да қара­пайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді ны­ғайтуға бағытталып келеді. Мемлекетіміздің тәуелсіздік тари­хы мен осы жолда жеткен тола­ғай табыстары жайлы жа­зы­лып та жүр, айтылып та келеді. Бұл игілікті іс жалғаса да бермек. Біздің бүгінгі сөз етпегіміз – тәуел­сіздігіміздің туын биік, тұғы­рын берік ету жо­лын­да бізге не қажет, ұлттық құндылықтарымызды қалай сақ­тасақ болады, білім мен тә­р­биенің ел тәуелсіздігіне етер қыз­меті қандай деген тұрғыда болмақ. Қазақ халқы – аталы сөзге тоқ­таған, барын бардай, жоғын жоқтай айта білген, ұлын нарға, қызын арға балаған, достықты сақтай, дәм тұзды ақтай білген, басынан сөз асырмаған, үйіне құлып салмаған, пейілі жомарт, сайын даласындай дарқан халық. 140-тан аса ұлттың баласын бауырына басып, бәрінің басын біріктіруші негізгі ұлт – қазақ хал­қы өзгеге ешқашан өктемдік көрсетпеген. Қазақ халқы – Қа­зақстан мемлекетінің иесі. Мұны Елбасының мына сөзі де растамақ және жауапкершілік жүк­темек: «Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақ­тікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрт­тың мойнында. Қазақстандағы ұлт­ара­лық жарастықтың негізгі ұйыт­қысы болу міндетін алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алуы керек». Қазақ – тумысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде таби­ғатпен туыстасып, еркін өмір сүр­ген батыр, ержүрек, намысшыл халық. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жас­тайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, ел­жандылық, отансүйгіштік дәстүр­ді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандық үшін қасиетті борыш. Бұл қасиеттер Тәуелсіздікті санамен, ақылмен сақтап, тұрақтан-ды­рып, күшейтуге өлшеусіз үлес қоспақ. Тәуелсіздік идеологиясы – ұлтыңды, Отаныңды сүю, туған ті­ліңді құрметтеу, бейбітшілікті, ел іргесінің бүтіндігі мен қауіпсіздігін сақтау. Ел тәуелсіздігінің қауіпсіздік тетіктері ретінде бейбітшіліктің, шекара тыныштығының, ұлт­тық құндылықтардың сақ­та­луын, ұлттық сананың таза­лығын, ұлттық намыстың жо­ғары болуын, патриотизм, отан­шылдық тәрбиені, үдемелі ин­дустриялық дамуды ұлттық идеология деңгейіне кө­теріп, бәсекеге қабілеттілікті арт­тыру мәселесін, саяси-эконо­микалық тұрақтылықты, ұлттың өсімін көтеру сынды ілкімді істерді атауға болады. Мұнда айтылған қайсыбір мәселе болмасын барлық уақытта өзекті. Бейбітшілік. Халық тыныш, бақытты әрі бақуатты ғұмыр сүруі үшін бейбіт өмір сүруі ке­рек. Бұл – дәлелдеуді қажет ет­пейтін аксиома. Найзаның ұшымен, бі­лектің күшімен жерін жаудан қор­ғаған халықтың ұрпа­ғы ре­тінде бабалар көрген жау­гер­­­ші­лікті балалар көрмеуі тиіс. Бей­бітшілікті сақтау ішкі және сырт­қы саяси жағдайларға, әсіре­се, мемлекетіміздегі ішінара ынты­маққа тікелей байланысты. Ұлттық құндылықтар. Адам белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну үшін бес түрлі шартқа сай болуы тиіс: ұлтының тілін жақсы білетін; ұлтының дінін меңгерген; ұлтының дәстүрін толық бойына сіңірген; ұлтының тарихын түгендей алатын; ұлты мекендеген жердің ой-шұңқырын жете танитын. Осы сипаттар бойынан та­был­ған жанды ғана белгілі бір ұлтқа жатқызуға болады. Аталған ұлттық сипаттаманың сақталуы – тәуелсіздіктің тұрақтылығы. Өйт­кені, кез келген ұлттың өз тілі сақталса ғана, ұлт болып қалатыны ақиқат. Бұл – өте маңызды мәселе. Ұлтымыз үшін үлкен сынақ. Әйтсе де, бұрынғы кезеңмен салыс­тыр­ғанда бүгінгі жағдай көңіл қуантарлық. Ұлттық сана. Ол – шыр етіп жарық дүниеге келген әрбір сәбидің алғаш естіген сөзінен, әуенді әлдиі бар бесік жырынан, ана сүтімен даритын қасиет. Дәстүрді меңгеріп, дінді мойындауы, байырғы ата кәсіпке икемделуі, атақонысты қадірлеп, ата-бабаның ақыл-кеңесіне мо­йынсұнуы, қысқасы, туған жердің топырағымен кісі бойына даритын қасиеттердің бәрі ұлттық санаға жатады. Ұлттық сана-сезімі көтерілген халықтың сапасы артады. Ұлттық сана-сезім салт-дәстүрмен, тілмен бірге бойға сіңеді. Бұл жерде отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. Ұлттық намыс – ар-ожданнан бастау алатын, отансүйгіштікпен ұштас рухани құндылық сезім. Ұлттық намыс адамның ұлттық құндылықтарының маңызын түйсінуден туындап, халқының мұң-мұқтажын түсініп, туған елін корғауымен сипатталады. Ұлттық намыстың негізгі көрінісі адамның туған еліне сүйіспеншілігінен, төл мәдениетіне деген кұрметінен байқалады. Ұлттық намыс – ел­дің ұлттық тұтастығы, рухани бірлігіне қызмет жасайтын елдік­пен егіз ұғым. Ұлттық на­мыс – халықтың мәңгілік құнды­лықтарын сақтаудың кепілі. Тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтау­да ұлттық намыс туындататын қанағатшылдық, үнемшілдік, кішіпейілділік сынды адами қасиеттер бізге ауадай қажет. Өмір­дің өзегі – үнемділік, тірегі – еңбекқорлық. Патриотизм, отаншылдық. Патриоттық тәрбиені ойға алғанда санаға бірінші Отан түсінігі келе­­ді. Отанға құрмет көрсету тұр­ғысындағы патриоттық се­зім жалпы адам баласына тән түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуат­тап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табы­лады. Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақ­таныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бір­лік және міндет. Па­триотизм – адамның туабітті био­логиялық қасиеті емес, ол әлеу­меттік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім. Ол Отанға қызмет етуден көрінеді. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» ат­ты Жолдауындағы маңызды ба­ғыттардың бірі – жаңа қазақстан­дық патриотизмді қалыптастыру. Жолдауда жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жә­не көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі деп анықталған. Елбасы өз сөзінде: «Біздің бұл бағыт­тағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің ай­нымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деп ерекше тоқталған. Үдемелі индустриялық дамуды ұлттық идеология деңгейіне көтеріп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет дегенге келсек, үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасы бойынша өңірлерде іске қосылып жатқан түрлі кә­сіпорындар мен жұмыс орындары ел эко­номи­касының өсуіне және тұрақты дамуына тікелей әсер етуде. Бұл бағдарлама аясында жасалып жатқан игі істер елу елдің қатарына енуде өз үлесін қосып қана қойған жоқ, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Бұл бағдарлама еліміздегі білім беру жүйесіне оң әсерін тигізуде. Жаңа заман технологиясын меңгерген мамандарды қажет ететін түрлі зауыттар мен фабрикалардың сұранысын қанағаттандыру мақ­сатында түрлі кәсіптік оқу орын­дары ашылды. Назарбаев Зияткерлік мектептері орта білім беруде үлгі болса, Назарбаев Уни­верситеті жоғары білім беруде елімізде көш бас­тап тұр. Олардағы тәжірибелерді еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарына енгізу ісі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл да тәуелсіздіктің жемісі. Саяси-экономикалық тұ­рақ­­­­тылық реформалардың терең­дігімен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің жоғары деңгейін қалып­тастырумен сипатталады. Саяси-экономикалық тұрақтылыққа жету құқықтық және моральдық нормаларды, ұлттық дәстүрді танытатын сая­си мәдениет деңгейіне ті­келей қатысты. Және қоғам тұрақ­ты­лығы мемлекет лидерінің нақты тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Н.Назарбаевтың бол­жам­паз саясаты мен тыным­сыз ізденім­паздығының, жүйелі тәртіп пен іскерлігінің нәтижесінде ұлттық саяси-эко­номикалық тұрақтылық бүгін­гі таңда мемлекеттік идеоло­гия деңгейіне көтерілген. Оң­түстігінде Өзбекстанмен және Қыр­­ғызстанмен, батысы мен сол­­түстігінде Ресеймен, шығы­сын­да Қытаймен шекаралас жат­қан алып мемлекеттің саяси ахуа­лын, экономикалық өсімін тұрақ­тандыруда Елбасының тұлға­лық қасиетінің өлшеусіз биік­тігінің алар орны ерекше екенін қадап айтқымыз келеді. Ел – Елбасына тірек. Елбасы – еліне қалқан. Бұл – ақиқат. Ұлттың өсімі дегенге келсек, еліміз халқының, оның ішінде қазақтардың аумақтық, яғни аймақ­тарға, ауыл мен қалаларға орналасуында көптен келе жатқан, дәстүрге айналған ерекшеліктер бар. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан халқының жартысына жуығы – 45-46%-ы Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақ­стан және Қызылорда облыс­тары) орналасқан. Ал ел қазақтарының да жартысы – 49,8%-ы осы өңірлерде тұрады. Тәуелсіздігіміз нығая түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарған сайын ел халқының, оның ұйытқысы – қазақтардың саны өсіп, құрамы күшейе түсетіні баршамызға анық және болашақтың кепілі. Бұл үшін Отанымызда ғылымға негізделген әлеуметтік-демографиялық және көші-қон саясаты жүргізілуге тиіс. Ел тәуелсіздігі. Елбасы. Ел ертеңі. Осы үш ұғым – бір-бі­ріне етене жақын, бір-бірін толық­тыратын өзара сабақтас ұғымдар. Тәуелсіздік десек, ең алдымен оның бастауында болған, оның негізін қалап, нық сеніммен алға апарған Елбасы ойға келеді. Елбасы десек, қиын-қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елбасы мен ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады. Ел ертеңі де өз халқы Елбасы деп атаған Тұң­ғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырылады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің тәуелсіздігі – көңілге қуаныш, жүрек­ке жұбаныш, бойға қуат, жанға шуақ сыйлайды. Азатты­ғымызды ардақтап, арманымызды асқақтатуда Елбасымен бірге қарыштай берейік! Тәуелсіздік мерекесі ұлтымыздың ұлылығын ұлықтатып, ғұмырымызды ғажап еткей! Сенімді серік еткен мәңгілік серіктестер – қазақстандықтардың бірлігі ажырамасын, татулығы арта берсін, елімен етене Елбасы аман болсын!

Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. ШЫМКЕНТ

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.