ОҚО-да ғалымдар латын әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады

02.10.17

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері бас қосып, латын әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады. Олардың пікірінше, жаңару мен жаңғыруға бет алған еліміздің ендігі болашағы саяси-экономикалық факторлармен қатар, мемлекеттік тілі – қазақ тілінің тағдырына да тікелей байланысты. Сондықтан, замана ағысы талап етіп отырған мұндай өзгерісті жіті сараптап, оған  жан-жақты дайындықпен кірісу қажет.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 http://kaztrk.kz/news/latyn-karpi/oqo-da-galymdar-latyn-alipbiinin-biryngai-standarttaryn-engizu-maselelerin-talqylady-102220