Спортшыларымыз Универсиада жеңімпазы

25.10.17

     

 

Институтымыздың спортшылары еліміздегі ЖОО арасында өтіп жатқан жазғы Универсиадада шеберліктерінің мықты екенін танытуда. Бүгінге дейіннің өзінде олар каратэден 5 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ самбошыларымыз да керемет өнер көрсетті. Перизат Қадырбекова алтыннан алқа тақты. Осылайша ОҚМПИ дің жүлде қорында қазір 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. Универсиаданың алтыны мен күмісін дзюдошылар еншіледі. Байрақты бәсекенің ақтық сындарында тағы бірқатар спортшыларымыз бәсекеге түседі. Демек, жеңімпаздар қатары әлі де арта түспек.