Кітап көрмесі өтуде

16.01.18

Университет кітапханасының ұйымдастыруымен 15-19 қаңтар аралығында оқу ордасында  кітап көрмесі өтеді. Онда оқырмандарға  2017 жылы жарық көрген  әдеби шығармалар таныстырылады. Сондай-ақ сөрелерге  қазақ, орыс және шет тілінде баспадан жарық көрген ғылыми, оқу-әдістемелік,  анықтамалық, энциклопедиялық және түрлі салаға арналған сөздіктер  де қойылып отыр. Бұл кітаптар "Бастау", "Фолиант", "Эверо", "Ассоциация ВУЗов" баспаларынан шыққан. Көрмеге қойылған кітаптар тақырыптық және салалық мазмұнына қарай  бөлінген. Өздеріңізді жаңадан жарық көрген шығармалармен танысуға шақырамыз!