Физика-математика факультеті
«Физика-математика» факультеті университетіміздің ең ежелгі және үлкен факультеттерінің бірі. Факультет 1938 жылы Шымкент мұғалімдер институтының негізгі екі факультетінің бірі болып ашылған. Факультеттің декандары болып келесі тұлғалар қызмет жасады: М.С.Сарсенбаев(1950-1960 ж.); М.И.Ерімбетов (1960-1965 ж.); Қ.Б.Бектаев (1965-1968 ж.); С.Е.Тлеуқабылов (1968-1971). 1971 жылы факультет екіге бөлініп, математика факультетін У.Н.Нурбаев (1971-1983ж.), ал физика факультетін С.М.Волочаев (1971-1972 ж.), Л.И.Мамаев (1972-1975 ж.) және Ұ.Б.Байтасов(1975-1983 ж.) басқарды. 1983 жылы бұл екі факультет қайта бірігіп оның деканы болып У.Н.Нурбаев (1983-1989 ж.), Л.И.Мамаев(1989-1993 ж.) қызмет атқарды.1940-1993 жылдар аралығында факультеттің физика және метематика мамандықтарының күндізгі бөлімін 6000-ға жуық студент, ал сыртқы бөлімді 3000-нан аса студенттер бітіріп шыққан. Олардың көпшілігі облысымыздың және Республикамыздың мектептерінде, жоғары оқу орындарында және өкімет орындарында лауазымды қызметтер атқарады. Атап айтар болсақ:экономика ғылымдарының докторы М.Өтелбаев,бірнеше жыл сенатор болып және ҚР қаржы министрлігінің қаржы мониторинг комитетінің төрағасы қызмет атқарған; педагогика ғылымдарының докторы М.Құдайқұлов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры;педагогика ғылымдарының докторыД. Рахымбек ОҚМПИ профессоры; физика-математика ғылымдарының докторы М.Ж. Жұмабаев ОҚМПИ профессоры; Ысқақ Әкім ҚР Президенті аппаратының кадр бөлімінде жұмыс істейді.Ал Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы орта мектептердегі физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің 80%-ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады.
2012-2013 оқу жылында факультет деканы қызметін ф-м.ғ.к., доцент Қ.Абдрахманов атқарды.
2013-2016 оқу жылында факультет деканы қызметін ф-м.ғ.д., профессор М.Ж.Жұмабаев атқарды.
Қазіргі уақытта «Физика-математика» факультетін педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Б.Ибашова атқаруда. Факультетте үш кафедра жұмыс істейді: «Математика», «Физика» және «Информатика» кафедралары.
Бүгінде факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 56. Факультетте 4 доктор мен профессорлар, 28 ғылым кандидаттары мен доценттер және 24 магистрлер жұмыс жасауда. Факультеттің ғылыми-кадрлық әлеуеті 60,7%.
Факультет қажетті оқу-әдістемелік базамен толық қамтамасыз етілген, яғни оның ішінде компьютерлік кластар және қазіргі заман талабына сай жабдықтар мен техникалық оқу құралдары бар маманданған зертханалар бар. Факультетте «Робототехника» зертханасы ашылды.
Факультетте 6 мамандықтары бойынша білім бакалаврлары дайындалады:
1. 5В010900-Математика
2. 5В011000-Физика
3. 5В011100-Информатика
4. 5В012600-Математика-физика
5. 5В012700-Математика-информатика
6. 5В012800-Физика-информатика.
Факультетте 3 мамандық бойынша магистрлер дайындалады:
1. 6М010900-Математика
2. 6М011000-Физика
3. 6М011100-Информатика.
Факультетте 3 мамандық бойынша докторанттар дайындалады:
1. 6D010900-Математика
2. 6D011000-Физика
3. 6D011100-Информатика
Үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша физика-математика факультетінде жолға қойылып отыр.
Факультет студенттері профессор-оқытушылар жетекшілігімен әртүрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде.
Физика-математика факультеті 80 жылдың ішінде информатика, математика, физика ғылымдарының әртүрлі салалары бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мектептерде тек қана Қазақстанның білім беру саласында ғана емес, ТМД елдерінде, сонымен қатар алыс шет елдердің білім саласында қызмет атқаратын 10 мыңнан аса мамандар даярлады.