Жақсының аты дананың хаты өлмейді

29.01.18

Қазақ шығармаларының стилистикалық ерекшеліктеріне сандық сипаттама берген ғалым Қалдыбай Бектаевтың туғанына 98 жыл. Физика – математика ғылымының кандидаты, филологияғылымының докторы саналы ғұмырын ғылымға арнаған жан. Қайраткердің өмір жолы өзі қызмет еткен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінде ғылыми конференцияда баяндалды. Қалдыбай Бектаев оқулары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция екі жылда бір ұйымдастырылып тұрады. Биыл үшінші мәрте шымылдығын түрген  ғылыми жиынға Алматы, Астана қалаларымен қатар Қырғызстан ғалымдары қатысты. Басты тақырып «Ұлттық бірегейлікті сақтау мен дамытудың педогогикалық әдіс-тәсілдері».Көрнекті ғалымның  жетекшілігімен 1979 –жылы  Мұқтар  Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі жарық көрді. Бұл еңбекте жазушының сөз байлығына, сөздерді қолдану тәсіліне, стилистикалық ерекшеліктеріне сандық сипаттама берілді. Бұл зерттеу қазақ және жалпы түркі тілдерін, көркем шығарманың тілдік ерекшеліктерін зерттеушілер үшін мол мағлұматтар береді.Қалдыбай Бектайұлының  негізгі ғылыми еңбектері ықтималдық теориясына, математика, статистика және ақпарат теориясы мәселелеріне арналған. Ол – түркі тілдерін зерттеуде математика және кибернетикалық әдістерді тұңғыш рет қолданған ғалым. Бектаевтың басшылығымен республикада алғаш рет электрондық есептеуіш машинаның көмегімен мәтіндердің ағылшын тілінен орыс тіліне аудармасы жасалды.

К. Дүйсенбі