706 студент педагогикалық тәжірибеден өтуде

30.01.18

ОҚМПУ  оқуын биыл тәмамдап,  диплом алуға дайындық жасап жүрген  706 студент педагогикалық тәжірибеден өтіп жатыр. Оның ішіндегі 50 түлек орта мектеп директорларының арнайы шақыртуы бойынша оқушыларға сабақ беруде. Өзін ізденімпаз маман,  кәсіби біліктілігі жоғары болашақ ұстаз екенін танытқан жастар тәжірибеден өткен оқу орындарында әрі қарай тұрақты жұмысқа қабылдану мүмкіндігіне ие.