Делегация жұмыс сапарымен Венгрияда болды

02.02.18

ОҚМПУ-ның делегациясы жұмыс сапарымен Венгрияға барып келді. Олар сол мемлекеттегі ең ірі жоғары оқу орны саналатын Будапешт университетінде болды. Білім ордасының іргетасы осыдан 4 ғасыр бұрын қаланған. Екі жақты кездесу барысында шетелдіктер Қазақстан туралы көбірек танып-білуге құмбыл екенін танытты.  Қос тарап бірақатар келісім жасады. Қазақстандық делегация Будапешт университетінде Назарбаев орталығын ашу туралы ұсыныс жасады. Және бұл бастамаға барынша көмек көрсетуге уағдаласты.