Президент Кеңесінің басшысы университеттің тыныс-тіршілігімен танысты

15.02.18
Сексен жылдық тарихы бар шежірелі шаңырақ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне 2018 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директоры міндетін атқарушы Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы мен ОҚО әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы келді. Қонақтар университеттегі Н.Назарбаев орталығында болып, орталықтың бүгінгі жұмысы мен болашақтағы жоспары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар университеттің спорт кешендерінде болып, 12 қабаттық Студенттер үйіндегі студенттердің тұрмысымен, «Қосымша мамандық» орталығындағы 14 студенттік үйірменің жұмысымен танысты.