Университет ұстаздары мектеп оқушыларымен кездесті

22.02.18

ОҚМПУ-дегі кәсіптік бағдар беру мақсатында құрылған топ мүшелері облыс орталығының мектептерінде болды. Оқу ордасының ұстаздары №23 Ұлықбек атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Топ мүшелері университеттің тыныс-тіршілігі, студенттерге білім алу үшін жасалып отырған қолайлы жағдайлар туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ оқушылар өздерін қызықтырған өзге де сауалдарға жауап алды.