Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде облыс бойынша алғаш рет «ROBOSHYM 2018» деген атаумен робототехника сайысы өтті

22.02.18

Цифрландыру – Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы негізгі бағыт. Осы орайда, Қазақстан инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыру жолын қолдайды. Ал, алғыр жастар ақпараттандыру саласы бойынша техниканы терең меңгеруге ынтық. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетте өткен қалалық «Roboshym-2018» бірінші ашық ғылыми-техникалық чемпионаты -- осыған дәлел.

Көрмеде әрбір қатысушы өз жобасын корғады. Жарыс екі бағытта өрбіді. Біріншісі – «kazrobosport». Яғни, роботтар кедергіден мүдірмей жүріп өтті. Екіншісінде баланың төл туындысы «kazroboprojekt-те» сыналды. Төрешілер әр бөлімде үміткерлерді қатаң қадағалап, еңбектеріне баға берді.

Гүлбану Сүлейқұлова – «Қазроботикс» федерациясы ОҚОФ директоры

-Бұл жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат –  қалалық жарыстан орын алғандар облыстық өте алады. Ал облыстан өткендер 2018 жылдың қазан айында Петропавл қаласында өтетін  республикалық чемпионатқа алып барамыз.

Еркін Махашов – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми істер және инновациялар жөніндегі проректоры

-Қазақстан 30 озық елдің қатарына қосылу үшін цифрлық  сандық дәуір бойынша бағдарлама бар. Шымкент қаласында білім саласында біз  осы цифрлы роботехникаға көп назар аударудамыз. Бұл жарысқа оқушылар ,колледж студенттері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.(Орысша бар)

Жобаға қатысуышылардың дені - мектеп жасындағы мақсаты биік, талапты жастар. Солардың бірі – жас ізденімпаз Ерлан Сайдазимов. Ол жарыстан оза шауып, биіктерді бағындырғысы келеді. Жас өрен жан-жақты қолдауға да ие.

Кемеңгер Көшбасшымыз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында еліміздің экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізу керектігін айтқан болатын. Бұл тұрғыда ұйымдастырылған жарыстың маңыздылығы жоғары.

М.ӘСЕМБЕК    /Облыстық телеарна тілшісі/