«Білім салтанатын құрудағы мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекеті» ОҚМПУ осы тақырыпта республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.

02.03.18

«Білім салтанатын құрудағы мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекеті»

ОҚМПУ осы тақырыпта республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.

Ғылыми басқосуда Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары сөз болды. Университет болашақ ұстаздарды оқыту орны болғандықтан оған үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Білім ордасы мамандық иелерінің бойындағы кәсіби біліктілік, сауаттылық пен жаңашыл ізденістердің негізін қалыптастыруы тиіс.

Конференцияда  ХХІ ғасырдағы ұстаз келбеті, бәсекеге қабілетті тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдіс-тәсілдер, Қазақстандағы білім мен ғылымның  эволюциялық өркендеу қадамдары тақырыбында баяндамалар оқылды. Сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласындағы теориялық және әдіснамалық зерттеулер туралы айтылды.

Конференцияға облыстық басқарма және қалалық білім департаменттерінің өкілдері, университетпен екі жақты келісім-шартқа отырған  ОҚО-ғы 22 орта мектептің, республика бойынша 200-ге жуық білім ұясының мұғалімдері қатысты.

Сондайақ, республикалық және облыстық деңгейдегі БАҚ-тың тілшілері мен блогерлер де келді. Конференцияда оқылған баяндамалар мен талқыланған еңбектер алдағы уақытта жинақ болып басылады.