Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

02.03.18

ОҚМПУ-де "Үміт" деген атаумен студенттерге қызмет көрсететін цифрлы орталық іске қосылды. Орталық Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы негізінде университеттің бақылау кеңесінің шешімі және оқу ордасының ректоры Оңалбай Аяшевтың тікелей бастамасымен ашылды. Мақсат Елбасы Жолдауында айтылған білім беру жүйесін өзгерту, осы саладағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту міндеттерін жүзеге асыру. "Үміт" орталығы оқыту-білім беру және әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсету бөлімдерінен жасақталған. Сондай-ақ халықаралық академиялық ұтқырлық секторы, тіркеу кеңсесі, төлқұжат беру және қаржылық қызмет көрсету орны жұмыс істейді. Студенттерге қызмет көрсету "бір терезе" жүйесі бойынша жүргізіледі.