Тарихы

Физика кафедрасы

Уалиханова Баян Сапарбековна, PhD-доктор

Физика және математика кафедрасының негізі 1938 жылы қаланды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Швейцариядағы Берн университетінің түлегі С. Г. Шейнессон болды. Ол 1938-1945 жылдары кафедраны басқарды. 1945 жылы бұл кафедра екі кафедраға бөлінді: математика кафедрасы (меңгерушісі С. Г. Шейнессон) және физика кафедрасы (меңгерушісі 1945-1948 жылдары Г. В. Горячко, 1948-1957 жылдары И. Г. Юделевич, 1957-1971 жылдары А. А. Арипов).

Мұғалім институтын қайта құрғаннан және оны педагогикалық институтқа айналдырғаннан кейін математика кафедрасының меңгерушісі болып И. П. Цой сайланды.       1956 жылы бұл кафедра екіге бөлінді: қарапайым математика кафедрасы (меңгерушісі Қ. Б. Бектаев) және жоғары математика кафедрасы. Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі қызметін А. Г. Цай, И. П. Цой, М. Абенова, Л. И. Мамаев және Ж. К. Киргизбаев атқарды.

1970 жылы геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы ұйымдастырылды, осы кафедраны әр жылдары доценттер А. И. Мостова, М. Абенова, Ш. М. Ильясов, К. Абдрахманов басқарды.

1971 жылы физика кафедрасы екі кафедраға бөлінді: теориялық физика және механика кафедрасы және жалпы физика кафедрасы. Теориялық физика және механика кафедрасының меңгерушісі қызметін 1971-1981 жылдары доцент П. А. Әбдікәрімов, 1981-1983 жылдары доцент Н. Н. 1983-1991 жылдары-доцент У. Б. Байтасов, 1987-1991 жылдары – доцент Т. И. Грызунова. Жалпы физика кафедрасының меңгерушісі қызметін 1972-1982 жылдары Ш. С. Серікбаев, 1981-1992 жылдары доцент Ж. Қ. Алматов атқарды.

1991 жылы Физика мамандарын даярлайтын физика кафедралары қайта құрылды. Физика кафедрасы мен физиканы оқыту әдістемесі және ТСО кафедрасы ұйымдастырылды. Физика кафедрасының меңгерушісі болып доцент А. Агулыков тағайындалды, ол осы қызметте 1991 жылдан 1996 жылға дейін жұмыс істеді. Доцент А. Б. Каримова 1991 жылдан 1996 жылға дейін физиканы оқыту әдістемесі және ТСО кафедрасының меңгерушісі болды. 1996 жылы осы кафедраларды біріктіру негізінде физика кафедрасы құрылды. 1996-2003 жылдары физика кафедрасын физика-математика ғылымдарының докторы, академик А. Н.Бахтыбаев, ал 2003 жылдан 2011 жылға дейін-доцент Т. Д. Бердалиева басқарды.

2012 жылы Математика, физика және кәсіптік оқыту кафедралары біріктірілді, соның негізінде Физика және математика кафедрасы ұйымдастырылды. Физика және математика кафедрасының меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты Д. Т. Бердалиев сайланды. 2016 жылдан бастап оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2018 жылы Физика және математика кафедрасы екі кафедраға бөлінді. Физика кафедрасының меңгерушісі болып PhD-доктор Уалиханова Баян Сапарбекқызы тағайындалды.

Физика кафедрасында 15 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 7 ғылым кандидаты, 2 PhD-доктор, 2 аға оқытушы, 4 оқытушы бар. Кафедраның әлеуеттік дәрежесі 60% құрайды. Кафедрада Қазақстан Республикасының аумағында кеңінен танымал доцент Рамазанова С. А., Алматов Дж.К. қызмет жасайды.

Кафедра ТМД университеттерімен тығыз ғылыми байланыс орнаған: Тольяти университеті, Мемлекеттік Курск университеті, Мәскеу педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, ТашПИ, Омбы мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіледі және белгілі бір жетістіктері де бар. 2013 жылы "Физика" мамандығының 2-ші курс студенті Рахматолла Зейнулла Д. Бердалиев пен Б. Рахашевтың жетекшілігімен ғылыми жұмыстарды дайындап, Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерін қолдау бағытында ұйымдастырылған инновациялық жобалар көрмесіне ұсынылып және физика саласындағы жеңімпаз атанды. Оған 750000 теңгеге сертификат берілді.

 

 

2018 жылы 19-20 сәуірде Х Республикалық пәндік олимпиадада (Павлодар қ.) біздің кафедрадан құрама команда ІІІ орын, ал жеке есепте 3 курс студенті Жумамадинов Данияр ІІІ орын алды.