Республикалық пікірсайыс өтеді

18.05.18

      ОҚМПУ-де «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – жастар назарында» атты ректор кубогына арналған  республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Шараны білім ордасы Жастар саясаты бөлімі жанынан құрылған «Болашақ»  клубы ұйымдастырып отыр.

       Ұйымдастарушылар пікірсайысты өткізу арқылы Елбасы Жолдауын жастарға насихаттау, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуге ықпал ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, үлкенге құрмет, кішіге ізет ұғымын келер ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етуде.