Іс-тәжірибе

Іс- тәжірибе  бөлімі

       Іс-тәжірибе  бөлімі оқу- әдістемелік басқарманың бөлімшесі болып табылады және ОҚМПИ жарғысына сай жұмыс атқарады. Бөлім қызметі: студенттердің кәсіби іс-тәжірибеден өту кезінде көмек көрсетуге бағытталған. 20115-2016 оқу жылында Іс- тәжірибе бөлімі  болып құрылды. Қазіргі уақытта бөлімде бөлім басшысы және әдіскер жұмыс атқарады.

 

                                                                                         

 Іс- тәжірибе  бөлімнің  басшысы Молданова Жазира Ілесқызы

 Мекен – жайы:  Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көш 13 бас ғимарат  219 кабинет

 Электрондық  пошта: jazira.ilesovna@mail.ru 

 Телефон: 8701-231-08-44                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бөлім әдіскері: Мирзакулова Айгерим Торебекқызы 

 Мекен – жайы:  Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көш 13

 Электрондық  поштa Okmpi_praktika@mail.ru

 Телефон: 8747-190-09-19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-тәжірибенің мақсаты:

Іс-тәжірибенің мақсаты білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және   және кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен іс- тәжірибе жүзінде шыңдау. Оларды таңдаған мамандығы бойынша өз бетінше кәсіби қызмет атқаруға және бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен бекіту болып табылады.  

Іс-тәжірибенің міндеттері:

Жоғары білім беруде білім стандартының білікті талаптарына сай тәжірибелік және коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Білім беруде ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстардан тәжірибе жинақтау.

- жаңа талаптарына жауап беретін маман тұлғасының кәсіби  бейінділігін қалыптастыру;
- студенттердің тікелей практикалық іс-әрекеттермен қарым-қатынасы, кәсіби іс-әрекеттерін жүргізу үшін қажетті олардың кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- студенттердің кәсіби іс-әрекеттегі шығармашылық, зерттеу тәсілдерін қалыптастыру, өзіндік еңбегінің  нәтижелеріне талдау жасай білу дағдыларын игеру.

Іс-тәжірибе базалары

Іс-тәжірибе базалары мамандықтардың оқу жоспарындағы іс-тәжірибелердің барлық түрлеріне сәйкес жүргiзiледi. ЖОО білім алушыларының іс-тәжірибеден өтуі оқу үрдерісінің ең маңызды бөлігі. Жоғары білімді мамандарды даярлауда тәжірибеден өту таңдаған мамандығын меңгеру, теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын оқудың әр кезеңінде қолдана білуі мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған білім алушылардың жоспарлы және мақсатты іс-әрекеті болып табылады.

Іс-тәжірибе базалары келесідей негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

- іс-тәжірибе түріне, мамандыққа, мамандандыруға сәйкес болуы;
-мемлекеттік стандарттың шегінде кәсіби бағдарламамен қарастырылған іс-әрекеттің қажетті шеңберінде болу;
- студенттерді іс-тәжірибелік басқару мен ұйымдастыру үшін жеткілікті білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Кафедралар іс-тәжірибе базаларымен  келісім- шарт жаңа оқу жылына  дейін құрылады.

Өзара байланыстар

      Іс- тәжірибе бөлімі : оқу-әдістемелік кеңес,  факультеттердің әдістемелік комиссияларымен, кафедралардағы іс- тәжірибеге   жауаптылармен байланысады, жұмыстарын бақылайды және қадағалайды. ОҚМПИ оқу жылы басталмас бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарының мектептерімен, Шымкент қаласының үздік лицей, гимназия, орта мектептері, педагогикалық колледждері, химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептері, дарынды балалар оқитын  мектеппен келісім шарттар жасалынды. 

КӘСІБИ ІС-ТӘЖІРИБЕІНІҢ ЖҮЙЕСІ

               Қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне  ену, өркениетті елдердегі педагогика ғылыми және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді. Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын - ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық- педагогикалық қызметі дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

     Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық  практика негізі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып,мұғалімді дайындаудың теориялық  және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында  білім беретін жиырма үш мамандықтарға 2015 - 2016 оқу жылынан бастап үздіксіз іс- тәжірибе  1- 4 курс аралығында жүзеге асырылады. Студенттердің іс-тәжірибеден өтуі білім беру процессі кезіндегі негізгі компоненттердің бірі екені белгілі. Іс тәжірибе жоғары оқу орынында білім алған студенттің практикалық дағдысының қалаптасуына, теориялық білімін  бекітуге, озық білім беру тәжірибелерін игеруге бағытталған.

            ОҚМПИ-дің студенттері оқыту процессіндегі іс- тәжірибенің барлық түрлерін өтеді .Қазақстан Республикасындағы педагогикалық жоғары оқу орындарына тән бағдарламаға сәйкес студенттердің іс-тәжірибеден өтуі ұйымдастырылып, мерзіміне сай өткізіледі. Барлық қажетті рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі.  ОҚМПИ студенттерінің  оқу,  педагогикалық (өндірістік)  және диплом алды  іс-тәжірибелері білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарымен қарастырылған және  ЖОО-ның түлегіне  заманауи талабына байланысты еңбек нарығыңда бейімделуге мүмкіндік беретін арнайы және жалпыкәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі болып табылады,  оқу,  педагогикалық (өндірістік) және диплом алды іс-тәжірибелерін жүргізу, диплом жұмысын орындау үшін және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін қажетті іс-тәжірибелік материалдарды жинақтау  үшін, болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары бойынша институтқа қаланың және облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен  ұзақ мерзімді серіктестік қатынас орнатуды нығайтады.

Оқу іс-тәжірибесі - студенттердің таңдау мамандығы бойынша өзіндік іс-әрекеттермен танысу мақсатында жүргізіледі.Іс-тәжірибе институттың оқу-қосымша бөлімшелерінің базасында, сондай-ақ  мамандықтың бағыты бойынша ұйымдарда ұйымдастырылады.
шеңберімен байланысын нығайтады, аналитикалық  және  абстрактылық ойды дамытады.
Педагогикалық іс-тәжірибе (өндірістік – педагогикалық) - жалпы ғылыми білімнің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша тереңдетілуі мен бекітілуіне, сондай-ақ, педагогикалық шеберліктерді, дағдыларды және құзіреттілікті қалыптастыруға/бағытталған.
Диплом алды іс-тәжірибе - студенттің нақты ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) қызметінің материалдарында қорытындыларды, ұсыныстарды және т.б. осындай  өзіндік тұжырыммен қойылған мәселеге (бітіру жұмысының тақырыбы) жұмыс жасалуын қарастырады. Студент іс-тәжірибе үрдісінде өзінің білімі мен мамандық шеберліктерін, ұйымдастыру қабілеттіліктерін, шешім қабылдау іскерліктерін, тәртіптілік, жауапкершілік, құлшынысын   көрсетуі тиіс.

Кәсіби іс-тәжірибенің бағдарламасы

        Іс-тәжірибенің әр түрінің мазмұны, мақсаты, мен міндеті іс-тәжірибе түрлері мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен қоса алғанда, бітіруші кафедралармен жасалған бағдарламалармен анықталады. Іс-тәжірибе бағдарламасының мақсаты – студенттердің тікелей іс-тәжірибе өту орындарында кәсіби-іс-тәжірибелік үрдісімен басқару болып табылады. Іс-тәжірибе бағдарламалары келесідей бөлімдерді құрауы тиіс:

- түсініктеме хат (мәні, іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеті, белгілі нысанға келтірілген құзіреттіліктер);
-іс-тәжірибенің нысандары (оның түріне байланысты), мүмкін болатын жұмыс орындарының тізімі;
-жұмыстың тақырыбы мен көлемі бойынша бөлінген мазмұны;
-практикантқа қойылатын талаптар;
-студент-практиканттың құқығы мен міндеттері;
- орындауға ұсынылған жалпы және жеке тапсырмалар (СҒЗЖ мен СОЗЖ бойынша зерттеу тақырыптары);
-тәжірибе күнделігінің жүргізудің  тәртібі;
-іс-тәжірибе бойынша есепті жазу тәртібі мен оның негізгі бөлімінің мазмұны;
-есептегі қосымшалардың мазмұны;
-іс-тәжірибенің қорытындысын жүргізудің тәртібі;
- студент-практикантқа кәсіпорыннан берілетін мінездеменің рәсімделу тәртібі мен болжамды мазмұны.
-іс-тәжірибе нәтижесі мен есепті қорғауды бағалау критерийлері;
- ұсынылған әдебиеттер.

Кәсіби іс-тәжірибенің базасының құрылымы

         Кәсіби іс-тәжірибе студенттердің білім беру бағдарламаларына сәйкес бейінді, меншік (ұйымдарда, мекемелерде) барлық түрлерінде ұйымдастырылуы мүмкін. Кәсіби іс-тәжірибенің базасы бітіруші кафедрамен анықталады. Кафедра білім алушылардың іс-тәжірибеден өтуі үшін мамандықтардың өзгешеліктеріне сәйкес жыл сайын жаңа орындарға таңдау жасап отырады және  кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен ұзақмерзімді келісім-шарт жасап бекітеді.
Іс-тәжірибеден студенттерді кәсіпорындарға (ұйымдарға, мекемелерге) бөліп орналастыру серіктестік туралы келісімдер немесе студент-практикантты  қабылдау туралы келісім-шарт бекіткен жағдайда жүргізіледі.
Іс-тәжірибе базаларымен (базалық және жекелей) келісім-шарт кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру бойынша типтік келісім-шарт формасына сәйкес оқу жылы  басталардан  1 ай бұрын бекітіледі. Жекелей келісім-шарттар базалық келісім-шарттар болмаған жағдайда немесе кәсіпорынның (іс-тәжірибе базасының) талабы бойынша оқу жылы басталардан  1 ай бұрын бекітіледі.
      Кафедра меңгерушілері келісім-шарттарды бекіткен соң, іс-тәжірибе базасының тізімін жасайды. Бекітілген келісім-шарттар негізінде (екі-, үшжақтылы) оның растамасымен іс-тәжірибенің өткізілу орны мен мерзімі, түрі, жетекшісін, білім алушылардың нақты контингентін көрсетумен кафедра іс-тәжірибені өткізу кестесін жасайды.

Жеке жоспар бойынша білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесін өтудегі талаптар

- кешкі және сырттай оқыту формасында білім алушылар, мамандық бойынша жұмыстары болса,  олардың кәсіби қызметтерін айқындайтын жұмыс орнынан мінездеме немесе анықтама көрсеткен жағдайда кәсіби (педагогикалық және өндірістік) іс-тәжірибесінен босатылады;
- мамандық бойынша жұмыс істемейтін кешкі және сырттай оқыту формасындағы білім алушылар, таңдап алынған мамандығы бойынша орындарға тікелей танысуға жұмысымен бірге және бітіру жұмысы жобасына (жұмысына) сәйкес материалдар жинақтауға кәсіби педагогикалық  (өндірістік) іс-тәжірибесіне тұрақты тәртіпте бағытталады;
- білім алушыларға жекелей тәртіпте және педагогикалық (өндірістік) диплом алды  іс-тәжірибелерден өтуге бітіруші кафедраның шешімімен рұқсат етіледі. Мұндай шешімнің негіздемесі ұйымның білім алушыны алдағы уақытта жұмысқа орналасуымен іс-тәжірибеге қабылдау дайындығы туралы немесе іс- тәжірибе базасында ғылыми (бітіру жұмысы) жұмысының эксперименттік бөлімін орындау қажеттігі болып табылады.
- ауыл квотасы, Әкім гранты және «Дипломмен ауылға» келісім-шартын бекіту бойынша институт  мамандығына түскен білім алушыларға бітіруші кафедраның шешімі негізінде педагогикалық (өндірістік)  және дипломға дейінгі іс-тәжірибелерді тұрғылықты жерлері бойынша өтуге рұқсат етіледі.
- қашықтықтан оқыту технологиясын қолданатын кешкі және сырттай оқыту формасындағы білім алушыларға бітіруші кафедраның шешімі негізінде педагогикалық, өндірістік және дипломға дейінгі іс-тәжірибелерді тұрғылықты жерлері бойынша өтуге рұқсат етіледі. 

Кәсіби  іс-тәжірибе төмендегідей біліктерді меңгеруге негіз болуы қажет: 
- ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау; 
- дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу; 
- педагогикалық іс-әрекетті ағымдық және перспективті жоспарлау, әрі жүзеге асыру; 
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу; 
- әдістемелік әдебиетпен, мектеп оқулықтары және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шығармашылықпен материал таңдау, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау; 
- оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау; 
- оқушының даму деңгейіне диагностика жасау; 
- өз іс-әрекетінің қорытындысын өзіндік талдауды жүзеге асыру; 
- сыныптаға өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;
- сыныптағы редколлегия жұмысына жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т.б. өңдеу );
- экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу; 
- балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру; 
- оқушылардың күнделіктерін тексеру; 
- үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу; 
- жеке ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау; 
- қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік-өлкетанушылық); 
- балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау; 
- мұғалімдермен, дотарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату. 

  • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кафедраларында іс- тәжірибенің барлық түрлері бойынша құжаттардың болуы туралы жаднама
  1. Іс- тәжірибенің негізгі ережелері типтік бағдарламалар.
  2. Студенттердің педагогикалық іс- тәжірибесін жоспарлау тәртібі туралы ереже (2015-2016 оқу жылы )
  3. Кафедрада іс- тәжірибе бойынша студенттерге арналған бағдарлама мен іс-тәжірибенің барлық түрлері бойынша тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулардың болуы (іс- тәжірибе бағдарламасын бөлек). Бағдарламаны  факультет деканы бекітеді. Іс- тәжірибе базаларымен келісім- шарттардың түзілуі 2 дана және оған сәйкес бағдарламаның болуы (2015-2016 оқу жылы)
  4. Іс- тәжірибе бойынша студенттердің есептері мен күнделіктері (сақтау 2 жыл) Студенттердің есеп беруін қабылдағаны туралы хаттамалар (кафедрадан жетекші және базадан жетекші қолдары).
  5. Қондырғы (установка) және қорытынды конференцияның хаттамалары
  6. Студенттердің іс- тәжірибеден өткен қорытындыларын талқылаған кафедраның хаттамасы. (іс- тәжірибені толық сараптама жасап, студенттің қатысуы, үлгерімі (бағасы), келмеген студенттерге қолданған шаралар, ұсыныстар).
  7. Іс- тәжірибе жұмыстары бойынша ғылыми мектеп және кафедраның жоспары.
  8. Іс- шаралар жоспары.

1, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

І  курс студенттерінің тәжірибесі педагогикалық мамандықтың негіздерін игеруден басталады. Олар жалпы білім беретін мектептерге бөлініп, педагогика пәнін оқыту бағдарламасына сәйкес мектептің жұмыс тәжірибесімен, пәнді оқыту әдістемесінің негіздерімен танысады.
І, ІІ курс студенттерінің іс- әрекеттеріне
1. Танысу:
- мектеп, сынып ұжымының негізгі бағыттарымен, оқу жылына арналған жұмыс жоспарларымен танысу;
- мектептің санитарлық- гигиеналық жағдайымен танысу;
- мектептің пәндік кабинеттерді ұйымдастыру тәжірибесімен, әдістемелік кешенмен, дидактикалық материалдармен танысу.
2. Меңгеру қажет:
Оқушыларды зерттеу әдістемелік кешенін меңгеру (бақылау әдісі, әңгімелесу, сауалнама, іс- әрекет нәтижелерін талдау), алған нәтижелерді талдау.
3. Оқу- тәжірибе жұмыстарына қатысу.
Студенттердің ҮПТ іс- әрекет мазмұнына балалармен, жасөспірімдермен, ата- аналар қауымымен тәжірибе жұмыстары кіреді. 
ҮПТ мазмұны төмендегі іс- әрекеттерді де қамтуы тиіс:
-өз пәні бойынша оқушылармен жұмыс;
- сабақтан тыс тәрбие жұмыстары;
- қоғамдық- ұйымдастырушылық жұмыстары;
- кәсіби- бағдарлау жұмыстары.
Аталған іс- әректтерді І- ІІ курс студенттері сынып жетекшісінің, психологтың, пән үйірмесінің жетекшісінің көмешісі ретінде орындайды.

Үздіксіз педагогикалық  іс-тәжірибе міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;
- болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастыру; 
- студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетіл

тәрбиелеу;
- педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру; 
- балаларды, олардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу әдістерін меңгеру.

 

2015- 2016 оқу жылының академиялық күнтізбесі мен  жұмыс оқу  жоспары бойынша     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 3 курс студенттері 18.01.2016ж - 13.02.2016ж аралығында   ХББ және ФМБ Назарбаев зияткерлік мектептерінде, ОҚО аудандары мен Шымент қаласындағы алдынғы  қатарлы мектеп, интернат, лицей, гимназия  және арнаулы білім беру мекемелерінде педагогикалық іс- тәжірибеден өтті. Іс- тәжірибе барысында үш жыл бойы алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білді. Іс- тәжірибе барысында өзінің білімі мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандығымен , жауапкершілігімен ,..... алғыс хатпен марапатталды.

        Бітіруші 4 курс студенттері  14 наурыз күні педагогикалық іс- тәжірибеден оралды.  Педагогикалық іс- тәжірибе студенттердің бойына болашақта қызмет ететін  мамандығының қажеттілігі мен жауапкершілігін сезінді. Сондай-ақ мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс жасауға,  оқушылармен , ата-аналарымен қарым- қатынас жасауға үйреніп , тәжірибе жинақтады.

 Іс- тәжірибе барысында өзінің білімі мен педагогикалық шеберлігінің арқасында ұжымның көзіне түсе білген студенттер  іс-тәжірибеден өткен мекемеде болашақта  жұмыспен қамтылатын  мүмкіндігіне ие болды.