Тіркеу

Сартаева Халима Мамаджанқызы,

биология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а

ТІРКЕУ БӨЛІМІ Тіркеу бөлімінің басшасы: Сартаева Халима Мамаджанқызы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. БҰҰ Халықаралық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Бас ғимарат, 113 – кабинет. Тіркеу бөлімі – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кундізгі жэне кешкі білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін бөлім. Негізгі міндеттері: - Студенттерді курстарға тіркеу және қайта тіркеу процестерін ұйымдастыру; - Студенттердің жеке оқу жоспарын құру және бекіту және курстан курсқа көшіру GPA балын есептеу ; - Транскрипт пен диплом қосымшасы парағын дайындау; - UNIVER бағдарламасын тіркеуді жүзеге асыру; - Факультеттерге және оқытушыларға оқу процесіне қатысты мәліметтерді жеткізу; - Бекітілген оқу кестесі бойынша емтихан сессиясының өтуіне материалдар жинау және емтихан кестесін құру; - Студенттердің емтихан сессиясын ұйымдастыру, жүргізу және қорытындылау.

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

      1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі. 
      Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В- ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. 
      2. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) ақылы негізде білім алушы университет ректорына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
      2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса,  транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
      3) нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі;
      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
      6) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының емтихан  есебі

 

      2018-2019 оқу жылының  қысқы сессиясының емтиханы академиялық күнтізбеге сәйкес 19.12.2018ж.-4.01.2019ж. аралығында өтті. Соның ішінде 102-15 тобы академиялық күнтізбеге сәйкес  24.12.2018ж.-11.01.2019ж. аралығында емтихан тапсырып жатыр.

    Слайд №2.  Университет бойынша жалпы студент саны – 3622

Сессияны тапсыруға міндетті студенттер саны – 3622

Емтихан тапсыруға жіберілген студенттер саны – 3432 (94,7%)

Емтихан тапсыруға жіберілмеген студенттер саны – 97 (2,6%)

Келмегендер – 93 (2,5%). Оның ішінде себепті – 17 (0,5%) студент, себепсіз – 76 (2%) студент.

Тапсырған студенттер саны – 3368 (92,9%)

Өте жақсы (А, А-) – 362 (9,9%)

Жақсы (А, А-, В+, В, В-) – 2088 (57,6%)

Аралас (А, А-, В+, В, В-, С+, С, С-) – 918 (25,4%)

Тапсыра алмағандар немесе қанағаттанарлықсыздар – 64 (1,7%)

Оның ішінде:

Бір пәннен – 19 (0,5%)студент

Екі пәннен – 35 (0,9%) студент

Үш және одан да көп  - 10 (0,3%)студент

Университет бойынша үлгерім пайызы – 92,90%

Слайд №3  Университет бойынша 2017-2018 о.ж. қысқы сессиясының және 2018-2019 о.ж.қысқы сессиясының салыстырмалы түрде үлгерім көрсеткіштері

 

Слайд №42018-2019  оқу жылының қысқы сессиясындағы жалпы факультеттердің үлгерімі

 

Слайд № 52017-2018 оқу жылының қысқы сессиясы мен 2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының салыстырмалы көрсеткіштері

 

Слайд № 6-7    Жалпы мамандық бойынша 2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының үлгерім нәтижелері  

 

 

 

 

Слайд № 8-9     Курс бойынша университеттің жалпы үлгерім нәтижелері   

 

    

Университет бойынша курстар аралығындағы үлгерімге келетін болсақ, ең жоғары жалпы үлгерімді 4 курс көрсетті; 2 орында 3 курс;  3 орында 2 курс;  4 орында 1 курс көрсетті.

 

 

 

 

Слайд № 10      Кешкі оқыту және дайындық факультеті

Университет бойынша жалпы студент саны – 541

Сессияны тапсыруға міндетті студенттер саны – 541

Емтихан тапсыруға жіберілген студенттер саны – 451 (83,3%)

Емтихан тапсыруға жіберілмеген студенттер саны – 51 (9,4%)

Келмегендер – 39 (7,2%). Оның ішінде себепті – 7 (1,3%) студент, себепсіз – 32 (5,9%) студент.

Тапсырған студенттер саны – 444 (82%)

Өте жақсы (А, А-) – 4 (0,7%)

Жақсы (А, А-, В+, В, В-) – 191 (35,3%)

Аралас (А, А-, В+, В, В-, С+, С, С-) – 249 (46%)

Тапсыра алмағандар немесе қанағаттанарлықсыздар – 7 (1,2%)

Оның ішінде:

Бір пәннен – 4 (0,7%)студент

Екі пәннен – 2 (0,3%) студент

Үш және одан да көп  - 1 (0,2%)студент

Университет бойынша үлгерім пайызы – 82%

Слайд № 11  Кешкі оқыту және дайындық факультеті бойынша 2017-2018 оқу жылының қысқы сессиясының және 2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының салыстырмалы үлгерім пайызы