Ғылыми кеңес хатшысы

Бегалиева Рауан Нармаханқызы.Ғалым хатшы, педагогика ғылымдарының кандидаты

Бегалиева Рауан Нармаханқызы 1984 жылы туылған, қазақ, білімі – жоғары.  2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық  қазақ-түрік  университеті Шымкент институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірді.

Бегалиева Рауан  еңбек жолын 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлкеттік Универсиетінің колледжінде оқытушы  болып бастады.  2012 жылдың сәуір айына дейін аталған оқу орнында  қызмет атқарды, осы жылы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауысты. 2013-2014 оқу жылында Тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылдың наурыз айында институттың  ғылыми кеңесіне ғалым хатшы  лауазымына ауыстырылды.  Бүгінге дейін өз қызметін абыроймен атқарып келеді.

2010 жылы Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде  13.00.02 – 13.00.02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі бойынша «Қазақ мектебіндегі 5-сынып оқушыларының тіл мәдениетін антонимдер сөздігі арқылы дамыту әдістемесі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Өмірлік көзқарасы мен болашаққа деген бағдары жаңашылдыққа бағытталған, 28 ғылыми мақала мен «Оқушылардың тіл мәдениетін антонимдер арқылы дамытудың ғылыми әдістемелік негіздері» атты монографияның авторы. Ғалымның құрастыруымен «Қажымұқан қағанаты», «Батамен бағың ашылсын» атты кітаптар жарық көрді.