Ақ жол, ОҚМПУ түлегі!

03.07.18
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіндегі оқуын аяқтаған 713 түлекке диплом табысталды. Салтанатты жиынға білім ордасының әр жылдардағы түлектері, ардагер ұстаздар, елге танымал тұлғалар мен студенттердің ата-аналары қатысты. Оқуды үздік аяқтаған озаттарға дипломды университет ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО мәслихаттың депутаты, облыстың құрметті азаматы Оңалбай Аяшевтың өзі табыс етті. Диплом беру рәсіміне ардагер ұстаз, «Құрмет белгісі» ордені мен «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» атағының иегері Ахметова Раиса Райымбекқызы, Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы, Сайрам ауданының әкімі Мамаев Бақтияр Сапарәліұлы секілді тағы бірқатар ел құрметіне бөленген азаматтар сөз сөйлеп, түлектердің болашағына сәттілік тіледі.