IT сыныпқа оқушылар қабылданады

13.09.18

        Робототехника, ІТ сыныптарына балаңызды жазып үлгердіңіз бе? Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінде оқушыларды курсқа қабылдау басталды. Оқыту тегін, бірақ жас ерекшелігі ескеріледі. Жалпы, балалар мұнда нені үйренеді? Нақты қандай бағдарламаларды меңгеріп шығады? 8 жастағы Аяулымның ІТ тілін түсінудегі ынтасы ерекше. Бір айда балаларға арналған бағдарламалаудың бірінші сатысын оп-оңай меңгерді. Енді «Скрич»-пен жұмыс істеуге дағдыланып келеді.Бағдарламалауды үйренген оқушы бұдан әрі курсты робототехникада жалғастыра алады.

Талап бойынша роботехникада оқитын баланың жасы 10-ға толу керек. Алайда, бір жеңілдік бар. Алғашқы баспалдақтан сәтті өткен кез-келген оқушы мұндай ескеруге қарамастан, аталған сыныпқа бара алады. Төртінші маусымды жалғастырып жатқан сондай шәкірттің бірі – Нұрлан Қаратаев. Келешекте осы саланың жілігін шаққан маман болғысы келеді.

Мұнда заманауи техника тілін оқытатын 6 сынып жұмыс істейді. Құрал-жабдықтардың барлығы жаңа, талапқа сай орнатылған. Жалпы, 80 оқушы оқиды.