Шетелдік білім іздеген жастар ОҚМПУ- ды таңдады

20.09.18

             ОҚМПУ-і жаңа оқу жылын жетістіктермен бастады. Оқу ордасында бұған дейін 3 жарым мыңдай студент білім алып келген болса, биыл олардың қатары 5 мыңға жетті. Білім шаңырағының дипломын алуға талаптанған шәкірттердің дені Ресей, Қытай, Өзбекстан және Түркіменстан мемлекеті секілді таяу шет елдердің жастары. Жалпы бүгінгі таңда университетте 800-ден астам  шетелдің талапкерлері білім алуда. ОҚМПУ-нің ректоры Оңалбай Аяшев, жастар комитеті және студенттік ректорат өкілдері, оқу озаттары, сондай-ақ шетелдік студенттерді бейімдеу орталығы жетекшілері бірінші курс студенттерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.