Жемқорлықты жеңуде жастар тегеурінді күшке ие

21.09.18

«НұрОтан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Н.Назарбаев орталығында жастармен кездесті.

Маңызды  басқосуға жұмыс тобының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахметов Сапар Қайратұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазбекова Меруерт Айтқажықызы, Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы қатысып, партияның аталған бағыттағы бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.  Олар қоғамдағы келеңсіз жағдайларға қарсы тұруда жастардың рөлі басым екенін атап өтті. Жиында  Ууиверситеттің жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі А.Мұсабаева, студенттік ректор Б.Тасболат, белсенді студенттер: Ө.Мүсілім, Б.Тасполат, сөз сөйлеп, оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен «Таза сессия» штабының жұмысымен таныстырды.  Сондай-ақ келелі тақырыпқа байланысты университеттің оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор Б. Қашқынқызы, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Қ.Анарбаев, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті С.Әбубәкіров  те өз пікірлерін білдірді.

Қоғамдық кеңес мүшелері университетті аралап, студенттерге жасалып жатқан жағдайларға оң баға берді.