Докторантура және магистратура

 

Бөлім басшысы

Абишева Роза Джанысбековна

техника ғылымдарының кандидаты, доцент профессор м.а.

 

Университет 2017-2018 оқу жылында PhD докторлар мен магистр мамандарын даярлауға лицензия алуына байланысты университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен (2018 жылғы 25 мамырдағы №4-49 бұйрығы) «Докторантура және магистратура» бөлімі құрылды.

Докторантура және магистратура бөлімі университеттің жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрларды (PhD докторанттар мен магистрлерді) даярлау жөніндегі ЖОО кафедраларының оқу процесін ұйымдастырушы құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бүгінгі күнде қазақ орыс және ағылшын тілдерінде білім беретін магистратурада 16 мамандық бойынша магистрлерді және 8  мамандық бойынша PhD докторларын даярлауда.

Магистратура мамандықтары екі бағытта жұмыс жасайды:

  • ғылыми-педагогикалық (2 жылдық оқу);
  • бейіндік  (1; 1,5 жылдық оқу)

    PhD докторанттар мен магистранттарды оқыту мемлекеттік бюджет және келісім-шарт негіздерінде жүзеге асады. 

Білім алушылар университеттің материалдық базасын: физика, химия, экология зертханаларының жабдықтарын, компьютерлік сыныптарын, аудио және бейне аппаратураларын, университет кітапханалық қорын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға мүмкіндігі бар.

PhD докторанттардың ғылыми жетекшілігі университеттің доцент және профессорлар арасындағы жетекші мамандармен және алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарының шетелдік кеңесшілерімен жүзеге асырылады. Докторантурада білім алу - докторанттардың зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуы шет елдердегі жоғары оқу орындарының ғылыми кеңесшілерімен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүргізіледі.

Университеттің PhD докторанттары мен магистранттары шет елдердің Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында білім алуына және тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.

Магистратураның оқу бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған тұлғаларға меңгерген  мамандығы бойынша «магистр» дәрежесі беріледі.

            PhD докторантура бойынша білім алған докторанттар білім беру бағдарламасын аяқтаған мезгілде «философия PhD» дәрежесін алады.

 

Докторантура және магистратура бөлімінің негізгі қызметі мен міндеті:

  • PhD докторантураға және магистратураға білім алушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • докторантура және магистратура мамандықтарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының ҚР МЖМБС бекіткен стандарт пен типтік оқу бағдарламаларына сәйкестігін қадағалау;
  • докторантура және магистратура мамандықтары бойынша академиялық күнтізбе дайындау;
  • кафедралардағы докторантура және магистратура мамандықтарының диссертация тақырыптары мен ғылыми жетекшілерінің бекітілуін қадағалап, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесіне ұсыну;
  • PhD докторанттардың және магистранттардың ғылыми тағылымдамаларының орындалуын қадағалау;
  • PhD докторантура және магистратурада жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау;
  • Білім алушылар арасында жоғары деңгейлі оқу және еңбек тәрбиесін қамту, ұйымдастыру және қадағалау;
  • PhD докторанттар мен магистранттарды мен даярлауға қатысатын кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын  ұйымдастыру және қадағалау;
  • кафедраларды PhD докторантура және магистратура мамандықтары бойынша оқу процесін реттейтін ішкі және сыртқы нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
  • PhD докторанттар мен магистранттардың оқудағы жетістіктерін талдау;
  • PhD докторанттар мен  магистранттар педагогикалық және зерттеу практикаларының өткізілуін ұйымдастыру және қадағалау.

Мекен-жайы және байланыс телефондары:

Шымкент қ. А. Байтұрсынов көшесі  №13, бас ғимарат 211 кабинет.

Тел: 8 (7252) 21-29-21

       723, 710 (ішкі телефондар)

Эл.почта: dmb_okmpu@mail.ru