Тарих зерттеушісінің еңбегі сараланды

27.09.18
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлімғазы Дәулетханұлы – қазақ тарихының орта ғасырлық кезеңінің белгілі зерттеушісі» тақырыбында ғылыми-шығармашылық кездесу өтті Келелі басқосуға тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Этнография және этнология» бөлімінің меңгерушісі Ахмет Тоқтабаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Ел - жұрт» журналының редакторы Ержан Арзықұлов, қаламгерлер Нармахан Бегалиев пен Мархабат Байғұт және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі Жұмаділ Әбуовтер қатысты.