Оқу-әдістемелік жұмыстар

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедраның кадрлық әлеуеті. Штат кестесі бойынша: Кафедрада 15,5  штат бірлігінде 15 оқытушы-профессорлар жұмыс атқарады. Оның  ішінде ғылым докторы – 4 (2 профессор, 2 доцент), ғылым кандидаты  - 9 (1 профессор, 6 доцент, 2 аға оқытушы), магистр оқытушы - 2. Кафедраның  ғылыми дәрежелілігі   86,6% құрайды.     

Кафедраның білім мазмұнын анықтайтын құжаттармен қамтамасыз етілуі (стандарттар, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары, оқу бағарламалары). 2019-2020 оқу жылында кафедра 5В010900-Математика, 6В01501-«Математика мұғалімін даярлау», 5В012600 – Математика-Физика және 6В01508-«Математика-физика мұғалімін даярлау» мамандықтары бойынша жоғары базалық білім бакалаврларын дайындайды.  Мамандықтарды дайындауға арналған ҚР БЖҒМ бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен ҚР БЖҒМ бекіткен типтік бағдарламалар бар және соның негізінде жасалған силлабустар, жұмыс бағдарламалары талқыланып бекітілген (№1 хаттама, 28.08.2019ж.).

Кафедра бойынша 2019-2020 оқу жылының элективті пәндер саны - 42. Элективті пәндер каталогы мен оқу бағдарламалары университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген. Оқу бағдарламаларының негізінде силлабустар даярланып, бекітілді.

Кафедра оқытушылары оқу және оқу-әдістемелік құралдарын дайындап, баспадан шығаруда.  п.ғ.д,. профессор Д. Рахымбектің «Алгебралық және геометриялық өрнектерді түрлендіру» және «Планиметрияны оқыту әдістемесі» электронды оқу құралдары, А. Байжұманов  пен Б. Оразовтың  «Графтар, құпиялау және алгоритмдер теориясы» және   Қ. Абдрахмановтың «Геометрия 1», т.б. оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.

Кафедра жұмыс берушілермен белсенді жұмыстар жүргізеді. МАК мүшелігіне, диплом жұмыстарын қорғауға  қатысуға шақырылады, сарапшылар құрамына енгізіледі және т.б.

Кафедра оқытушы-профессорларының біліктілігін арттыру университеттің біліктілік арттыру жоспарына сәйкес орындалуда

2018-2019 оқу жылының күзгі семестрде 5В010900 -Математика мамандығы бойынша 2 студент  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік  жоғары оқу орнында оқып келді (Эгер қаласы, Карой Эстерхази университеті, Венгрия): Ауесханов Наурызбай Асанұлы,  Жумабек Бексұлтан Нургалиұлы.

Студенттер іс-тәжірибе барысында алғыс хаттарға ие болды.

Академиялық ұтқырлықтың арқасында біздің студенттеріміз өз елінде отырып шетелдік профессорлардан дәріс алуда. Бұл, әрине, Болон үдерісі арқылы қол жеткізіп отырған үлкен жетістік, яғни академиялық ұтқырлық болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық бағыттардың бірі ретінде өз нәтижесін көрсетуде. «Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары» академиялық ұтқырлық шеңберінде: Радом Экономика Академиясы, Польша – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан 2017 жылдың 23 қаңтар -18 ақпан күндері аралығында Польша, Радом Экономика Академиясының  профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Антони Пардала академиялық ұтқырлық шеңбері аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика  кафедрасына келді. «Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесінің проблемалары» пәні бойынша «Математика» мамандығының 2 курс студенттеріне күнтізбелік жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, профессор Антони Пардала жетекшілігімен «ХХІ ғасырдағы түрлі елдердің мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып математика және математикалық білімі: қазіргі жағдайы, проблемалары және даму болашағы» тақырыбында институттың профессорлар-оқытушылары, ғылыми зерттеушілері және студенттері үшін ғылыми семинар өтті. Семинарда білімді ақпараттандырудың және математика пәнінің мұғалімдерін даярлаудың заманауи мәселелері, сонымен қатар болашақ мұғалімдер даярлығын жетілдіру мәселелері  талқыланды. Семинарға Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарыныңпрофессорлары мен оқытушылары қатысты.

    2018 жылдың 25 қараша -29 қараша күндері аралығында п.ғ.к., доцент Әмірбекұлы А.  Польшаға Радом Экономика Академиясына және Жешув Университетіне  тәжірибе алмасу  мақсатында ғылыми іс-сапарға барып келді. Ғылыми іс-сапар барысында  Әмірбекұлы А.  жетекші шетел ғалымдарымен бірнеше кездесулер, дискуссиялар және семинарлар өткізді.

Кафедраның оқытушылары Р.Кадирбаева мен А.Әмірбекұлы 2019 жылдың  20-24 қараша аралығында Москва қаласында МГУ-да өткен «Современные информационные технологии и ИТ-образование» атты XIV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға іс-сапарға барып, «Информационно-педагогическая технология формирования профессиональной компетентности будущего педагога-математика» атты тақырыпта  баяндама жасады. Конференция жұмысының нәтижесі бойынша баяндама жасалған мақала  РФ ЖАК құрамындағы журналға жариялануға ұсынылды.