12 студент Венгрия мен Польшада білімін жалғастырады

16.10.18

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық университетінің 12 студенті академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша Венгрия мен Польша елінде білімін жетілдіреді. Оның ішінде 11 шәкірттің оқу ақысының шығыны  мемлекеттік бюжет есебінен төленсе, қалған 1 студент өз қаржатын жұмсайды. Жалпы оқу ордасы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл 6 млн 188 мың теңге бөліп отыр.

     АҚШ-тың  Бостон қаласынан Джошуа Дуфор есімді маман университетімізге FulBright – English Teachіng Assistant бағдарламасымен  ағылшын тілін үйретуге  келді. Ерікті университетімізде он ай бойына жұмыс істейді. Ол қазіргі таңда  «Ағылшын тілінің практикалық фонетикасы», «Кәсіби бағытталған шет тілі», «Мәдениетаралық қарым-қатынас мән-мәтініндегі базалық шетел тілі», «ЖОО-да сабақ беруді  ұйымдастырудың инновациялық формалары мен әдістері» пәндерінен студенттерге дәріс беруде.