Сарапшы мамандар Елбасы Жолдауын түсіндірді

17.10.18

ОҚМПУ-де  Елбасы Н. Назарбаевтың жуырдағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша аймақтық сарапшылар кездесуі өтті. Маңызды жиынға  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілдері, Шымкент қалалық әкімдігі мамандары мен оқу ордасының ғалымдары қатысты. Кездесуде стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы А.Жолдыбалина «Өмір сапасының деңгейі: негізгі өлшемдері мен индикаторлары»  тақырыбында, сондай-ақ осы  институтының ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Ә.Назарбетова «Жаңа заманның мемлекеттік қызметкерлері – ел саясатының тиімді жүзеге асуының негізі» тақырыбында құнды баяндама жасады. Мұнан соң ОҚМПУ-нің бірнеше ғалым ұстаздары жарыссөзге шығып, өз пікірлер ортаға салды. Басқосу соңында  сарапшылар ұстаздардың сұрақтарына жауап берді.