Психология

ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Жас ұрпақты Отанның, халқының адал, парасатты перзенті болуға жетелейтін баспалдақтың бірі – жоғары оқу орны. ОҚМПУ халқымыздың қадір-қасиетін жан-тәнімен қабылдаған, ұлттық рухымызбен рухани мұраларымыздың қайнар бұлақтарынан нәр алған небір дарындар мен кәсіби маман иелерін шығарған, әлі де шығара берер киелі қара шаңырақ, руханият ордасына 80 жылдан астам уақыт болып отыр.

Психология кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде Шымкент педагогикалық институтының құрамында 1937ж ашылған.

1971-1975 жылдары «Психология» кафедрасын отандық танымал зерттеуші-ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ноғайбай Айғабылов басқарған. Институтта еңбек еткен жылдар аралығында 100-ден аса ғылыми мақалалар мен бірнеше монографиялардың авторы болды. Н.Айғабылов Қазақ КСР-нің білім саласының үздік қызметкері атағының, бірнеше медальдардың иегері болды.

1976-1980 жылдары «Психология» кафедрасын отандық танымал зерттеуші-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев басқарған. Ғалымның негізгі еңбектері «Жалпы психология», «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», «Этнопсихология» және т.б.

1986-1994 жылдары «Психология» кафедрасын психология ғылымдарының кандидаты, доцент Хамракулов Тоқтамыш Хамракулович басқарған. Осы жылдардың арасында Т.Хамракулов 15 ғылыми мақала мен оқу-әдістемелік құралдарды арнайы басылымдарда жариялады.

2008-2015 жылдары «Психология» кафедрасын М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті «Психология» факультетінің түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Е. Қойшиев басқарды.

2016-2018 жылдары «Педагогика және психология» кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин», Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерінің иегері Ш.Ж.Арзымбетова басқарды.

2018 оқу жылы 3 қыркүйекте университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Психология» кафедрасы қайта құрылды. Бүгінгі таңда кафедраны п.ғ.к. А.З. Әліпбек басқарады.

             2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін ОҚМПИ-да «Психология» кафедрасының аға оқытушысы.

2016 жылы 28 маусымынан күні бүгінге дейін ОҚМПУ-да  «Психология» кафедрасының доцент міндетін атқарушы.

«Психология» кафедрасында 5B010300 – «Педагогика және психология» мамандығы дайындалады. Кафедрада сабақ жүргізетін профессор оқытушылардың ғылыми дәрежелері жоғары және жетекші оқу орындарында бірнеше жыл жұмыс істеген білікті, тәжірбиелі мамандар: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті «Психология» факультетінің түлегі, п.ғ.к. Қ.Е.Қойшиев, Отандық педагогика ғылымдарының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген педагогика ғылымдарының докторы, профессорлар І.С.Сманов, Г.Ш.Оразымбетова, Жанболатов С.Е., Г.А.Бахрамова, М.Е.Сыдыков, аға оқытушылар Н.Ш.Абдраманова, және педагогика және ғылымдарының магистрлері А.С.Үсіпбекова, А.М.Умбеталиева, А.Ш.Баймахова, М.Т.Елгонова, Б.Б.Уракова, Жарылқасын Ә.Ғ.,Құлмахан Н.С., қызмет атқарады. Кафедрада 1 ғылым докторы, профессор,  6ғылым кандидаты, 1 аға оқытушы,  6 магистр-оқытушылар еңбек етуде.

ОҚМПУ-дың барлық факультеттеріне «Психология» пәндерінен Қазақстан Республикасының ғылымы мен біліміне сүбелі улес қосып жүрген Қ.Е.Қойшиев, Г.Ш.Оразымбетова, Г.А.Бахрамова, М.Е.Сыдыков сынды жетекші ғалым-педагогтар сабақ береді.

«Психология» кафедрасының оқытушылары оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының авторлары ретінде республикаға танымал ғалымдар. Кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыс әр оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін анықтаудан басталып, ғылыми түрде ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмыстарының орындалуын қадағалап, жүзеге асырумен, атқарылған жұмыстарға талдау- сараптама жасаумен жалғасады. Байқап көру, озық технологияларды оқып үйрену және  оқу үрдісінде ұтымды енгізу, Елбасы жолдауларын, білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру жолында кафедра ұжымы әрқашан шығармашылық ізденіс үстінде. «Психология» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып келеді. Атап айтқанда аға оқытушы Абдраманова Мәскеу мемлекеттік Педагогикалық университеті, магистрлар А.Умбеталиева (Португалия) Техникалық университетінде, А.С.Үсіпбекова Қырғызстан Университеттерінде біліктіліктерін жоғарылатып келді.

Кафедра оқытушылары ҚР МЖМБС ұсынылған, студенттер, тәжірибе жүргізетін мамандар белсенді қолданатын оқулықтар, оқу құралдар, монографиялар құрастырылып, баспаға шығарылды. Кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысына белсене атсалысып келеді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Дәріс беру барысында және студенттермен өткізілетін психологиялық мазмұндағы іс-шараларда оқытудың инновациялық технологияларын орынды қолдана отыра жүргізеді. Жыл сайын өтетін Республикалық пән Олимпиадасына институт атынан команда дайындап, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіріп, оларды практикалық тұрғыда көрсете білуге дағдыландырады. Кафедра дайындап жатқан мамандық түлектері 100% жұмыспен қамтылуда. Академиялық ұтқырлыққа байланысты отандық және шетелдік университеттермен қарым-қатынаста. Кафедрада ПОҚ мен студенттердің зерттеу жұмыстары бірнеше республикалық, олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнатудың және білімгерлердің, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытудың жаңа жолдарын іздестіру белсенді жүргізілуде. Мамандықтардың ерекшелігімен қатар жетістіктері өте көп. Кафедра арасында өтетін іс-шаралар студенттердің шығармашылыққа деген қызушылықтарын арттырады және бітірушілер мамандықтардың қыр сырын меңгеріп қана қоймай еңбек әрекетін саналы түсінуі мен сезінуіне және өз мамандығына деген қызығушылығының қалыптасуына жағдай жасайды.  Білім ошағында өскелең ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыруда, оларды өнер білімге, отансүйгіштікке баулуда кафедра ұжымының табысы мен жүргізіліп жатқан кешенді жұмысы жақсы жақтардан көрініс тауып отыр.