ОҚМПУ-і Орта Азия ЖОО-мен әріптестік байланыс орнатты

29.11.18

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде еліміздегі жоғары оқу орындарының  ректорлары Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Бұл жолғы басқосу "Сапалы жоғары біліммен қамтамасыз ету: концептуалды сауалдар мен стратегия" тақырыбына арналды.  Жиынға  сондай-ақ Орта Азиядағы 11 университеттің басшылары да  қатысты.  Осы кеңесте ОҚМПУ-нің ректоры Оңалбай Аяшев  Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университетімен және Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университеті,  осы елдің  әлем тілдері мемлекеттік университетімен  екі жақты тиімді байланыстар орнату туралы меморандумға қол қойды.