"Дарын" сыйлығына ие болды

12.12.18

            ОҚМПУ-і жанындағы әдебиет үйірмесінің жетекшісі Біржан Байтуов Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығына  ие болды. Оған мұндай абыройлы марапат Астана қаласында өткен салтанатты шара кезінде табыс етілді.  Айтыскер ақын, жас дарын иесіне оған қоса диплом мен төсбелгі және  600000 теңге  ақшалай сый берілді. Жалпы биыл еліміз бойынша Біржан Байтуов секілді түрлі салада ерекше қарым-қабілетімен, талантымен  танылған 20 жас "Дарын" сыйлығының   лауреаты атанды.