Оңтүстіктегі рухани өзгерістер

12.12.18

  ОҚМПУ-і «Назарбаев орталығында» Түркістан облысы және Шымкент қалалық ардагерлер кеңестері төрағалары мен мүшелері және білім ордасы студент жастарының қатысуымен «Оңтүстіктегі рухани өзгерістер» атты тақырыпта кездесу өтеді.

Басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының руханият үшін мәні мен маңызы,  тәуелсіздік жылдарындағы Оңтүстіктегі рухани өзгерістер жайында пікір алмасу болды.  Іс-шара «Жастар жылында» жастардың руханият бағытындағы жұмыстарына бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.