Балжанат Шымкент аруы атанды

20.12.18

Филология факультетінің 2 курс студенті Анас Балжанат "Шымкент аруы"  атанды. Облыстық деңгейде өткен сұлулық байқауында бойжеткендер мың бұрала би билеп, өнерге икемін байқатты. Түрлі тақырыпта қойылған сауалдарға жауап берді. Сол арқылы ақыл-ой тереңдігі мен білімін танытты. Сондай-ақ қазылар алқасы бойжеткендердің қимыл- қозғалысындағы кербездік, сымбаты мен нәзіктігі, сәнді киіне білуін де бағалады. Университет студенті Балжанат осы сындардың бәрінен сүрінбей өтті. Оның өнері жоғары бағаланды. Сұлулығымен көпті тәнті еткен Балжанатты "Шымкент аруы-2018" байқауының жеңімпазы болуымен құттықтаймыз!