Студенттер мен оқытушылар шетелдік ғалымнан дәріс тыңдады

21.12.18

               

ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Шетелдік білікті мамандарды оқыту ісіне тарту, олардың тәжірибесін үйрену"  бағдарламасы  аясында ОҚМПУ-не арнайы шақырумен Германиядағы Макс Планка институтының  профессоры, химия ғылымының докторы Питер Миллер  келді.  Ол  білім ордасында химия кафедрасы студенттеріне дәріс оқып, семинарлар өткізді. Сондай-ақ химия және химиялық қоспалардың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері тақырыбында оқытушыларға шеберлік сабақтарын өтті.  Кафедра мұғалімдері сонымен бірге профессор Макс Планкамен Еуропалық білім жүйесі және ОҚМПУ-дегі білім беру бағдарламаларын жаңарту, өзгерту мүмкіндігі  жайында пікір алысты.