Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері

09.01.19

Университетте  «Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері және одан туындайтын ЖОО міндеттері» тақырыбында  семинар  өтті.«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен басқосуда жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері  және мамандарды даярлаудағы жаңа міндеттер туралы сөз болды.  Семинарда «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды дарлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсының тыңдаушылары Г. Сыздықова және  М. Алдабергенов баяндама жасады.