Цифрландыру және IT

Махашов Еркин Жумагалиевич

техника ғылымдарының кандидаты

Цифрландыру және IT басқармасының басшысы

Цифрландыру және IT басқармасы 2018 жылдың 10 мамырынан бастап өз қызметін жүзеге асырады.

Цифрландыру және IT басқармасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (ары қарай ОҚМПУ) Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде университет ректоры бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және жойылады.

 Цифрландыру және IT басқармасы ғылыми істер және инновациялар жөніндегі проректорға бағынады.

 Цифрландыру және IT басқармасы өз қызметінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ақпараттандыру туралы»,  «Тіл туралы»  Заңдарын, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық технология жайлы нормативтік-құқықтық актілерін;  еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын, білім беру және сапа саласындағы мемлекеттік стандарттарды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын, университеттің Ғылыми кеңесі шешімдерін, университет басшылығының ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттарын, университет Жарғысын, ИСО 9001:2015 ХС, ОҚМПУ сапа менеджменті жүйесі құжаттарын басшылыққа алады.

 

 Негізгі міндеттері:

  - ОҚМПУ сапа саласындағы саясаты мен мақсатын жүзеге асыру;

  -  Цифрландыру және IT басқармасы сапа менеджменті жүйесіндегі (ары қарай СМЖ) құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

  -  Мәліметтер қорындағы және оқу процесіне тиісті ақпараттардың  жойылып немесе таратылып  кетуіне жол бермеу;

  -  Компьютер техникасы мен технология  жетістіктерін, инновациялық әдістерді ендіру;

- Университетте өтетін облыстық, республикалық, халықаралық  конференциялар, семинарларды  ұйымдастыру;

- Университет ПОҚ құжаттарын   ҚРБЖҒМ ұйымдастыратын  гранттық қаржыландыру байқауына жіберу;

                    -  Ғылыми-зерттеу  сапасы төңірегіндегі мақсаттарды жүзеге асыру;

                     - Жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу.