ОЗАТ ҰСТАЗДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ - ҚАЗАҚСТАН ЖОО-ДА

19.02.19

ОЗАТ ҰСТАЗДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ - ҚАЗАҚСТАН ЖОО-ДА

Білім салтанат құруы үшін мектеп мұғалімінің кәсіби біліктілігі қандай дәрежеде болуы қажет? Өзекті сұраққа жауап табу мақсатында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде арнайы семинар ұйымдастырылды. Онда білікті мұғалімдердің озат тәжірибесін ғаламторда насихаттаудың тиімді тетіктері талқыланды. Жарқын мысал ретінде 70 жылдық мерейтойын тойлап отырған белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Базаркүл Омардың еңбегі айтылды.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинардың филолог есімін иемденуі тегін емес. Өйткені, бүгін жасы 70-ке жеткен Базаркүл Қалтайқызы өз өмірінің жартысынан көбін шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Осы уақыт ішінде ардагер ұстаз 30-дан астам ғылым кандидатын тәрбиеледі. Семинар кезінде ұстаздың сол еңбегі ескеріліп, ерекше құрмет көрсетілді.

Базаркүл Омар – ардагер ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты

Біз ұстаздар қауымы өзіміздің шәкірттерімізбен мақтанамыз. Соларды мақтан тұтамыз. Себебі солар біздің ең негізгі байлығымыз...

Бүгінде ұстаз тек шәкірттерімен ғана мақтанбайды. Оның бұл саладағы жас мамандарға жол сілтейтін еңбегі де еселі.

Анар Жаппарқұлова – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің факультет деканы

Ол кісінің жарыққа шыққан еңбектері қазір біз электронды тасымалдағыштарға аударып жатырмыз. «Қазақ тілінің морфологиясына лабараториялық жұмысы» деген еңбегін бүкіл Қазақстандықтар оқып жатыр. 

Сондай-ақ, семинар кезінде ардагер ұстаздың шәкірттері де сөз алып өздеріне дұрыс жол сілтеген адамға алғыстарын жаудырды.

М. Жарылқасын