ШЫМКЕНТТІҢ ЕҢ СЫМБАТТЫ БОЗБАЛАСЫ МЕН БОЙЖЕТКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

19.02.19

ШЫМКЕНТТІҢ ЕҢ СЫМБАТТЫ БОЗБАЛАСЫ МЕН БОЙЖЕТКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз қарсаңында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері «Бозбала мен бойжеткен» байқауын ұйымдастырды. Жастар ресурстық орталығында өткен шарада қатысушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдады. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, ұлттық киімдердің құндылығына жіті мән берді. Жігіттің серісі мен қыздың қылықтысын анықтайтын сайысқа 62 жұп ниет білдірген. Олардың ішінен ақтық сынға 8 жұп іріктелді.

80 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы ұйытқы болған сайыс 4 кезеңнен тұрды.  1-ші кезеңде қатысушылар «Сәлем – сөздің анасы» деп, өздерін таныстырды. Келесі кезеңдерде салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Қолдан тігілген көйлектерін сахнаға киіп шығып, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлығын байқатты.

Тоғжан Қалыбек – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық  университетінің студенті

Бұл көре білген адамға үлкен тақырып. Бұл сайыс 22 наурыздың қарсаңында болып өтті. Қазақи нақыштағы киімдерді, мәдениетімізді көрсетуге арналып отырған дүние.

Наурызбай - Наурыз мейрамының мерейін асыруға мүдделі жігіт. Жарыста топ жару үшін 2 апта бойы тынбай дайындалды. Нағыз қазақ жігіті қандай өнерді меңгеріп, қай тұрғыдан оза шабуы тиіс? Соны дәлелдеуге тырысты.

Наурызбай Олжабай – қатысушы

Біз бұл жарысқа 2 апта бойы дайындалдық. Дайындық таңнан кешке дейін болып жүрді.Жалпы керемет.

Ұлықты ұлдар, қылықты қыздар өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра, -деп, күмбірлете күй төкті. Мың бұралып би биледі. Үлкенге құрмет, кішіге ізеттің тамаша үлгісін көрсетті.   

НҰРАЙЫМ  Шахимерген