«IT-SYNYP» сыныптарының ашылуы болып өтті

19.02.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ІТ және цифрландыру орталығында «НұрОтан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз IT сыныптары» жобасы шеңберінде балаларды бағдарламалауға және ІТ-мамандықтарының дағдыларына үйрететін алты ақысыз «IT-SYNYP» сыныптарының ашылуы болып өтті. 
«IT-SYNYP» компьютерлік сыныптары 8-16 жас аралығындағы сексен баланы оқытуға арналған. Жұмыс күндері сабақ оқушылардың оқудан тыс уақытында өткізіледі. Сенбі күндері сабақ күні бойы өткізіледі, балалар үшін университет асханасында тегін тамақтану қарастырылған. Дарынды балаларға арналған оқыту тереңдетілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.