ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

20.02.19

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ОҚМПУ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО, Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев «Парасат» орденімен наградталды. Білім ордасының ұжымы Оңалбай Аяшұлын марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбасына амандық, деніне саулық тілейді.